Бөлшек саудаға арналған жабдықтар мен шешімдер

BS/2 компаниясы қажетті интеграцияларды жеткізеді, орнатады, жүргізеді және әлемдік жетекші өндірушілердің ритейлі: Diebold Nixdorf, Datalogic, Bizerba, Zebra, CCL Tech, Modern Expo үшін шешімдер мен жабдықтарға техникалық қолдау көрсетеді.

Біздің ритейлге арналған өнімдер портфолиосына кассалық жабдық (оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету жүйелері), өлшейтін және технологиялық жабдықтар, деректерді жинау мен өңдеуді автоматтандыруға арналған жабдық, бөлшек саудадағы жұмыс орындарының эргономикасына арналған шешімдер, сондай-ақ қызметкерлер мен сатып алушылардың арасындағы өзара іс-қимылды барынша тиімді етуге, сауда нүктесін иеленудің жиынтық құнын төмендетуге мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама кіреді.

Бөлшек сауда секторы үшін қызметтер

Техникалық қолдау

Әртүрлі өндірушілердің сауда жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтердің кең ауқымы және оларға арналған бағдарламалық жасақтаманы қолдау.

АТ-инфрақұрылымға қызмет көрсету

АТ-инфрақұрылымның жұмысын өрістету, қолдау көрсету және мониторинг жасау, сондай-ақ барлық ақпараттық жүйені немесе оның процестерінің бір бөлігін басқару.

Бағдарламалық жасақтама қызмет ретінде

Бағдарламалық жасақтаманы қызмет ретінде ұсыну. Жабдықты және бағдарламалық шешімдерді орнату, жаңарту және олардың жұмыс қабылеттілігіне қолдау көрсету.

Эквайрингтік желілердің аутсорсингі

Эквайрингтік желілердің жұмысы қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және дамыту. POS-терминалдарды орнату және оларға техникалық қызмет көрсету, істен шыққан POS-терминалдарды жөндеу және ауыстыру.

Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу

Бөлшек сауда саласы және бизнестің басқа түрлері үшін мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу. Қажетті интеграцияларды және енгізуді жүргізу.

Консалтинг

Компанияларға ИТ-ға салынатын инвестициялардан алынатын кіріс көлемін арттыруға және тәуекелдерді барынша тиімді басқаруға көмектесетін қызметтер кешені. Жобаны жоспарлау және пилоттау сатысында, сондай-ақ шешімді пайдалану уақытында қажетті қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.

Oқыту

Сауда-қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметкерлері үшін жабдықты және бағдарламалық шешімдерді тиімді пайдалану бойынша оқытуды ұйымдастыру. Бейінді салалардың мамандарын сертификаттау.

Біздің жобаларымыз