Vynamic™ Marketing

Банктік технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы Diebold Nixdorf компаниясы құрған Vynamic Marketing бағдарламалық платформасы банкоматтарда және банктің басқа да өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында, цифрлық банкинг ортасында, сондай-ақ әртүрлі бөгде веб-алаңдарда банктік және серіктестік өнімдерді ілгерілетуге түбегейлі жаңа тәсілді орындауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Vynamic Marketing

  • банкоматтарда жекеленген жарнаманы көрсетуге;
  • құрылғымен өзара іс-қимыл жасаудың интерактивті сценарийлерімен маркетингтік науқанды жүргізуге;
  • клиенттің құрылғымен цифрлық түрде өзара іс-қимыл жасауы бойынша кері байланыс алуға мүмкіндік береді.

Шешімнің артықшылықтары

Терминалда жарнамалық және ақпараттық науқандарды қарапайым жасау және әкімшілік ету

Клиенттермен өзара іс-қимыл жасау сапасын жақсарту

Жаңа клиенттер тарту

Терминал құрылғыларының паркіне салынатын инвестицияларды басқару

Функционалдық мүмкіндіктері

Контентті орталықтандырылған түрде басқару

Бірыңғай пайдаланушы интерфейсі шеңберінде Vynamic Marketing жүйесінің операторы олардың орналасқан жері мен функционалдық мүмкіндіктеріне қарай (оның ішінде қолжетімді пайдаланушылық перифериялық құрылғылар: сенсорлық экрандар, QR-код сканерлері, NFC-ридерлер және т.б.) құрылғылардың белгілі бір топтары үшін жарнамалық науқандарды тағайындау мүмкіндігіне ие болады. Бұл ретте контент бірыңғай серверде сақталады немесе VM Preloader көмегімен таңдалған құрылғыларға жергілікті түрде түсірілуі мүмкін.

Науқанды жоспарлау және жарнаманы басымды ету

Vynamic Marketing жарнама науқандарын бастауды жоспарлауға және жарнамалық хабарламаларды берілген параметрлер бойынша ауыстыруды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Әрбір науқан үшін нақты көрсетулер немесе алынған әсерлерге сүйене отырып, кезеңділік пен уақыт бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін. Белгіленген басымдықтардың негізінде жүйе қазіргі уақытта құрылғының пайдаланушысы үшін қандай жарнама сәйкес келетінін анықтайды және соны көрсетеді.

Жарнамалық хабарламаларды дербестендіру

Жарнаманы көрсетудің конфигурацияланатын алгоритмдері пайдаланушының құрылғымен өзара іс-қимылының дербес сценарийін жасауға мүмкіндік береді. Пайдаланушы туралы дерекқорға байланысты жарнаманы дербестендірудің әртүрлі деңгейлері мүмкін.

  • Карточкалық жүйе деректері бойынша дербестендіру (ұстаушының аты-жөні, картаның қолданылу мерзімі, лимиттер бойынша жедел деректер, карта класы, карточкалық өнімнің түрі).
  • АБС деректері бойынша дербестендіру (банктік шоттардың, оның ішінде карточкалық емес шоттардың болуы туралы деректер, әртүрлі банктік өнімдерді пайдалану туралы деректер, қызмет көрсетуге арналған шартты жасасу күні және оның аяқталу күні, қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат, карта ұстаушының туған күні).
  • CRM деректері бойынша дербестендіру (клиенттің маркетингтік сегменті, оның ішінде әлеуметтік-демографиялық топ, география, клиенттің түрі, клиентке ұсынылатын өнімдер бойынша ақпарат және т.б.)

Жарнаманың көрсетілуін тестілеу

Vynamic Marketing маңызды ерекшелігі жарнаманың жарнаманың әртүрлі құрылғыларда қалай көрсетілетінін қашықтан тексеру мүмкіндігі болып табылады. Жарнамалық немесе ақпараттық хабарламалар экранның әртүрлі өлшем сапасы үшін арнайы үлгілерді қолдана отырып жасалады және арнайы симуляторда көруге болады. Бұл өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында іске қоспас бұрын жарнаманың барлық сценарийін және пайдаланушылардың мүмкін болатын реакцияларын тексеруге мүмкіндік береді.

Өтінімдерді ресімдеуді автоматтандыру

Жүйе клиенттердің құрылғыларда көрсетілетін жарнамалық контентпен өзара іс-қимыл жасауы туралы барлық деректерді, яғни пайдаланушылардың жарнамаға деген реакциясын тіркейді және жинайды. Жиналған деректер банк қызметкерінің назар аударуын талап ететін өтінімдерді (лидтерді) автоматты түрде жасау үшін сыртқы жүйелерге, оның ішінде CRM-ге автоматты түрде шығарылуы мүмкін. Бұл өтімдерді ресімдеу процесін автоматтандыруға және клиентке қызмет көрсету процесінің бақылану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

KPI науқандарын жинау және көрсету

Жарнаманы қарау және оның тигізетін әсерлері туралы деректерді жинау жарнамалық науқандар тиімділігінің негізгі параметрлерін (KPI) көрсетуге мүмкіндік береді. Кестелер түріндегі деректер кіріктірілген талдамалық модульде көрсетіледі немесе науқандардың өздерінің, оларды өткізу уақыты мен орны, пайдаланушы сегменттері бойынша сыртқы жүйелерге (BI, Kibana және т.б.) шығарылуы мүмкін.

Шешімді ұсыну түрлері

Өзіндік жүйе

Клиент бағдарламалық шешімді сатып алады және оны өзінің инфрақұрылымына орналастырады.

Шешімді жалға алу

Клиент бағдарламалық шешімді жалға алу құқығында пайдаланады, бұл ретте БЖ өзі BS/2 инфрақұрылымына орналастырылады.

Бағдарламалық жасақтама қызмет ретінде

Клиент өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларындағы маркетингтік, жарнамалық және ақпараттық науқандарға әкімшілік етуді BS/2 компаниясына аутсорсингке береді.

Барлық бағдарламалық шешімдер

Біздің жобаларымыз

Біздің командамыз сіздің компанияңызға қандай өнімдер барынша жақсы сәйкес келетіні туралы ұсынымдар алуға көмектеседі. «Бізге хабарласыңыз» батырмасы арқылы бізге хабарлама жіберіңіз.

Кирилл Овсянников

Директордың стратегиялық бағыт жөніндегі орынбасары