Face Recognition

Face Detection және Face Recognition – бұл ATMeye.iQ өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық платформа базасында жұмыс істейтін банк саласы мен бөлшек сауда саласына арналған биометриялық шешімдер.

Face Detection биометриялық шешімі операция кезінде адамның терминал алдында тұрғанын анықтау үшін қолданылады. Адамның бет жүзін анықтау қызметі бейнекамерамен жабдықталған банктің кез келген өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысында іске асырылуы мүмкін және алаяқтық әрекеттерінің алдын алу құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Face Recognition биометриялық шешімі адамды өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында авторландыру үшін оның бейнесін пайдалануға мүмкіндік береді және негізгі және қосымша авторландыру құралы бола алады

Шешімнің артықшылықтары

Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында операциялар жүргізу барысындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру

Қызмет көрсету сапасын жақсарту

Клиентке қызмет көрсету уақытын қысқарту

Банк клиенттері емес тұлғаларды анықтап тану

Қолдану салалары

Алаяқтықтың алдын алу

Face Detection терминал желілерін логикалық шабуылдардың кейбір түрлерінен қорғауға болады. Егер транзакцияның басында Face Detection көмегімен банкоматтың алдында адам анықталмаса, онда терминал қызмет көрсетуді тоқтатады. Егер банкомат пайдаланушысы қандай да бір себеппен өзінің бет жүзін камералардан жасыратын болса (мысалы, ұрланған картаны пайдаланғысы келсе), онда келесі сценарийлердің бірі орындалуы мүмкін: терминалды сөндіру, пайдаланушыға ескерту хабарламасын жөнелту, қауіпсіздік қызметіне дабыл хабарламасын жіберу және т.б. Сонымен қатар, Face Recognition қызметінің көмегімен биометриялық авторландыру клиентті екі факторлы сәйкестендіру процедурасын енгізуге және банк карталарын пайдаланумен байланысты тәуекелдерді (скимминг, траппинг және т.б.) болдырмауға мүмкіндік береді.

Multiple Face detection

Multiple Face Detection қосымша қызметі қазіргі сәтте терминал құрылғысының алдында қанша адам тұрғанын анықтауға мүмкіндік береді. Егер жүйе бірнеше адамды анықтаса, онда алдын ала белгіленген сценарийлердің бірі іске қосылады: терминал экранында жұмысты жалғастыруға сұрау салынған ескерту хабарламасы пайда болады немесе қызмет көрсетуден бас тарту және қауіпсіздік қызметі қызметкеріне хабарлау сценарийі іске қосылады. Бұл опция бөгде адамдардың PIN-кодты ұрлау қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Өзіне-өзі қызмет құрылғылардың пайдаланушыларын авторландыру

Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысындағы Face Recognition арқасында қаржы ұйымының клиенттерін қосымша төлем құралдарын пайдаланбай авторландыру жүргізілуі мүмкін. Бұл терминалда қызмет көрсету уақытын қысқартып қана қоймайды, сонымен қатар пайдаланушылар үшін картаны алып жүру, PIN-кодты есте сақтау және т.б. қажет болмайды. Пайдаланушыларды банкоматтарда олардың бет жүзі бойынша авторландыру бірқатар алаяқтық әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді (мысалы, біреудің картасын пайдалану).

Қызметкерлер мен инкассаторларды авторландыру

Адамның бет жүзін тану және биометриялық сәйкестендірудің басқа әдістері клиенттерді авторландыру үшін ғана емес, сонымен қатар терминалдар паркіне қызмет көрсететін сервистік қызметкерлер мен инкассаторлардың жеке басын растау үшін де қолданылады. Биометриялық авторландыру процедурасы әрбір нақты қызметкер үшін ол жұмысқа кіріспес бұрын терминалдың жабдықтары мен бағдарламалық жасақтамасына қол жеткізу деңгейін анықтайды.

Даулы жағдайларды жылдам шешу

ATMeye.iQ бағдарламалық шешімінің шеңберінде пайдаланушылардың бет жүзі туралы ақпарат транзакцияға байланыстырылып сақталады, яғни қажет болған жағдайда дерекқордан қандай да бір операцияны жасаған адамның бейнесін табуға болады. Бұл өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарының пайдаланушыларымен пікірталастарды тездетіп шешуге мүмкіндік береді, себебі дерекқордағы транзакция туралы қажетті ақпаратты іздеу уақытын қысқартады.

Несиелерді беруді авторландыру

Биометриялық деректерді жинау жүйелерімен интеграция өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында несиелер мен микроқарыз беру процедурасын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жүйе биометриялық бейіндері қоса берілген борышкерлердің бірыңғай дерекқорын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оны банк несие скорингінің сатысында өз тәуекелдерін барынша азайту үшін пайдалануы мүмкін.

Шешімді ұсыну түрлері

Өзіндік жүйе

Клиент бағдарламалық жасақтама пакетін және перифериялық жабдықтардың қажетті жинағын меншікке сатып алады. Бағдарламалық шешім клиенттің инфрақұрылымына орналастырылады.

Шешімді жалға алу

Клиент қажетті бағдарламалық компоненттерді және жабдықтарды жалға алу құқығында пайдаланады. Бағдарламалық шешім BS/2 инфрақұрылымына орналастырылады.

Бағдарламалық жасатама қызмет ретінде

Клиент терминал желісін бейнемониторингілеуді және оқиғалар бойынша есептер жасауды BS/2 компаниясына аутсорсингке береді.

Барлық бағдарламалық шешімдер

Біздің жобаларымыз

Біздің командамыз сіздің компанияңызға қандай өнімдер барынша жақсы сәйкес келетіні туралы ұсынымдар алуға көмектеседі. «Бізге хабарласыңыз» батырмасы арқылы бізге хабарлама жіберіңіз.

Кирилл Овсянников

Директордың стратегиялық бағыт жөніндегі орынбасары