Vynamic™ Security

Vynamic™ Security – өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларын кез келген бұзудан, хакерлік шабуылдардан және басқа да қауіп-қатерлерден кешенді қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық шешім.

Банкоматтарға жасалатын логикалық шабуылдардың саны және олардан келетін зиян жыл сайын артып келеді. Vynamic™ Security бағдарламалық шешімі төрт бөлек модульден тұрады, олардың әрқайсысы терминалдарды әртүрлі шабуылдардан қорғайды. Осылайша, Vynamic™ Security бірнеше қорғаныс модульдерінің бір уақытта жұмыс істеуінің есебінен өзіне-өзі қызмет көрсету инфрақұрылымына жасалатын шабуылдың ықтимал алдыңғы бөлігін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, олардың біреуі бұзылған жағдайда, қалған модульдер сіздің терминал құрылғыларының паркін қажетті қорғаныспен қамтамасыз ете отырып, жұмысын жалғастырады.

Шешімнің артықшылықтары

Ішкі және сыртқы алаяқтыққа жол бермеу

Терминал желісінің қаупісіздігін қамтамасыз ету процестерін біріздендіру

Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының паркін иеленудің қорытынды құнын төмендету

Функционалдық мүмкіндіктері

Терминал желісін зиянды бағдарламалардан қорғау

Intrusion Protection бағдарламалық модулі терминал желісін зиянды бағдарламалардың барлық түрлерінің банкомат компьютеріне енуінен қорғауды қамтамасыз етеді. Функционалдық мүмкіндіктері

  • Зиянды БЖ қорғау
  • USB-порттарды бақылау
  • Желіні және деректерді беруді қорғау
  • Ақ тізімдер технологиясы
  • Жүйенің тұтастығын бақылау
  • Проактивті мониторинг

Пайдаланушылардың іс-әрекеттерін бақылау

Access Protection бағдарламалық модулі заңсыз кіру орындалған жағдайда банкомат компьютерін қорғайды және жүйеде пайдаланушылардың әрекеттерін бақылайды. Функционалдық мүмкіндіктері

  • Кіру құқығын шектеу
  • Авторландыру процедурасын оңтайландыру
  • Операциялық жүйенің осалдылығын бақылау
  • Файрвол жұмысын басқару

Банкоматтың қатқыл дискіндегі деректерді қорғау

Hard Disk Encryption бағдарламалық модулі құрылғы өшірулі болған жағдайда да, банкомат компьютерінің қатқыл дискісінде сақталатын құпия деректерге рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермейді. Функционалдық мүмкіндіктері

  • Деректерді қорғау
  • Қол жеткізуді қорғау
  • Сенімді шифрлау
  • Қатқыл дисктің жұмыс қабілетін бақылау

Техникалық инфрақұрылымды қорғау

Fraud Detection бағдарламалық модулі транзакциялық деректердің үлкен ауқымын өңдейді, бұл өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларындағы күдікті операцияларды анықтауға, сондай-ақ барлық техникалық инфрақұрылымды проактивті қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Функционалдық мүмкіндіктері

  • Бұрын белгісіз болған осалдылықтарды іздестіру
  • Ақшаны жылыстатумен күресу
  • Құрылғылар жұмысындағы ауытқуларды қадағалау
  • Қауіп-қатерлерді бағалауды автоматтандыру

Шешімді ұсыну түрлері

Өзіндік жүйе

Клиент бағдарламалық шешімді, оның бір немесе бірнеше жеке модульдерін сатып алады және оны өз инфрақұрылымына орналастырады.

Шешімді жалға алу

Клиент шешімнің қажетті бағдарламалық компоненттерін жалға алу құқығында пайдаланады, бұл ретте БЖ өзі BS/2 инфрақұрылымында болады.

Бағдарламалық жасақтама қызмет ретінде

Клиент шешімнің немесе оның жеке компоненттерінің қажетті функционалдығын қызмет ретінде алады.

Барлық бағдарламалық шешімдер

Біздің жобаларымыз

Біздің командамыз сіздің компанияңызға қандай өнімдер барынша жақсы сәйкес келетіні туралы ұсынымдар алуға көмектеседі. «Бізге хабарласыңыз» батырмасы арқылы бізге хабарлама жіберіңіз.

Кирилл Овсянников

Директордың стратегиялық бағыт жөніндегі орынбасары