Компания туралы

BS/2 Kazakhstan компаниясы банк жабдықтарын жеткізумен және оларға кешенді қызмет көрсетумен, сондай-ақ Қазақстанның қаржы ұйымдары үшін бағдарламалық шешімдерді жеткізумен және енгізумен айналысады.

Компания 2008 жылы құрылған және өзінің қызмет еткен кезеңінде өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық қолжетімділігін арттыру және функционалдылығын кеңейту жөніндегі көптеген жобаларды іске асырды. Сонымен қатар, компания сервис ретінде эквайрингтік және басқа да технологиялық жабдықтарды жеткізе отырып, Қазақстанда бірнеше аутсорсингтік жобаларды жүргізеді.

BS/2 Kazakhstan сервистік құрылымы елдегі ең ірі құрылымдардың бірі болып табылады және банк жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, республиканың барлық өңірлерін қамтиды.

2 300

қызмет көрсетуге арналған банкоматтар

580

қызмет көрсетуге арналған төлем дүңгіршектері

23

қызмет көрсету орталығы

62

сертификатталған инженер

Миссиясы

Біз клиенттерімізге өз бизнесін дамытуға баса назар аударуына мүмкіндік беретін инновациялық шешімдерді ұсынуды өз миссиямыз деп білеміз.

Философиясы

Біз ең үздік банктік технологиялық компанияға айналуға және өз клиенттеріміздің әлемдік нарықта табысқа жетуіне ықпал ететін болашағы зор шешімдерді ұсынуға ұмтыламыз.

Құндылықтары

Біздің басты құндылығымыз – адамдар. Біз өз командамыздың әрбір мүшесін бағалаймыз және кез келген міндеттерді бірге шешеміз.

Компанияның тарихы

2022
2021
2020
2019
2018
2017
2016
2014
2013
2012
2011
2010
2009
2008
2007
2006
2004
2002
2001
2000
1999
1995
1992
  • BS/2 компаниясы келесі жүлделерге лайықты болды:
    • Best Penetration Deal on Competitor Account 2022
    • Banking Strategic Win 2022
  • BS/2 компаниясы келесі жүлделерге лайықты болды:
    • Innovation Project 2021
    • Global Implementation Partner 2021
  • Verslo žinios мәліметтері бойынша BS/2 Литвадағы ең үздік 20 технологиялық компаниялардың қатарына кірді.
  • BS/2 Verslo žinios нұсқасы бойынша Литваның 20 ең үздік технологиялық компаниясының қатарына кірді
  • Өзбекстанда жобаларды сәтті іске асырғаны үшін Diebold Nixdorf-тен Special Achievement Banking 2019 марапаты
  • BS/2 Verslo žinios нұсқасы бойынша Литваның ең мықты компанияларының тізіміне кірді.
  • BS/2 EcoVadis күміс мәртебесіне ие болды.
  • Литва бизнес конфедерациясы BS/2-ні жылдың ең экспортты литвалық компания деп таныды
  • BS/2 Banking CIO Outlook рейтінгісіне сәйкес Еуропадағы банктік технологиялар компанияларының үздік ондығына (топ-10) кірді.
  • Әзірбайжанда банктер мен бөлшек сауда кәсіпорындары үшін ең жаңа технологиялық шешімдерді белсенді ілгерілеткені үшін Diebold Nixdorf-тен Innovation SPIRIT banking 2018 марапаты
  • Әзірбайжанда іске асырылған инновациялық технологиялық шешім үшін Diebold-тен Special Achievement Banking 2017 марапаты.
  • ATMeye.iQ платформасы Литваның Өнеркәсіпшілер конфедерациясының «Жыл өнімі» конкурсында алтын медальді жеңіп алды.
  • ATMeye.iQ шешімі Wincor Nixdorf-тен Best Banking Solution 2016 марапатын алды.
  • VTM.iQ кешенді шешімі Inovacijų prizas 2016 инновациялар конкурсының марапатын иеленді.
  • BS/2 Wincor Nixdorf-тен Best Service Banking 2013/2014 және Special Achievement Banking 2013/2014 марапаттарына ие болды.
  • Payments.iQ бағдарламалық шешімі Best Banking Solution марапатына, ал BS/2 компаниясы - Wincor Nixdorf-тен Best Banking Service марапатына ие болды.
  • ISO-27001 сертификаты алынды.
  • ISO-20000, ITIL V3 сертификаты алынды.
  • PA-DSS және PCI-DSS сертификаттары алынды.
  • Компания халықаралық түрде танылған ITIL V3 IT-қызметтерді басқару жөніндегі әдіснаманы сәтті қолданды.
  • Компания әлемдегі екінші Wincor Nixdorf-пен сертификатталған оқу орталығына айналды.
  • Бишкекте (Қырғызстан) және Тбилисиде (Грузия) еншілес компаниялардың құрылуы.
  • Компанияға Wincor Nixdorf-пен алтын серіктесі мәртебесі берілді.
  • Минскте (Беларусь), Ташкентте (Өзбекстан) және Алматыда (Қазақстан) еншілес компаниялар құрылды.
  • Wincor Nixdorf-пен сертификатталған оқу орталығын ашу.
  • Таллинде (Эстония) еншілес компания құрылды. Енді компания бүкіл Балтық өңірінде өз қызметін жүргізеді.
  • Беларусьта еншілес компания құрылды.
  • «Приз инноваций» («Инновациялар сыйлығы») және «Литовский продукт года 2006» («Литваның жыл өнімі 2006») конкурстарының ұлттық марапаттары.
  • Эстонияда еншілес компания құрылды.
  • Банкоматтардың қауіпсіздігі жөніндегі ең үздік шешім үшін ATMIA марапаты.
  • Банкоматтардың қауіпсіздігі саласындағы ең үздік шешім үшін ATMIA сыйлығы.
  • BS/2 компаниясы құрылды (Penkių kontinentų bankinės technologijos).
  • Ригада (Латвия) еншілес компания құрылды.
  • Бакуда (Әзірбайжан) еншілес компания құрылды.
  • Penki kontinentai Wincor Nixdorf-тің серіктесіне айналды.
  • Penki kontinentai компаниясында банктік технологиялар бөлімі құрылды.

Сертификаттары

BS/2 компаниясы жыл сайын ITIL V3, ISO-20000 және ISO-27001 стандарттарына сәйкес келуі тұрғысынан сертифкаттаудан өтеді.

BS/2 бағдарламалық өнімдері әлемдік деңгейде танылған және бірқатар халықаралық марапаттармен атап өтілген.

BS/2 бүкіл дүние жүзінде өзіне-өзі банктік қызмет көрсету индустриясын білдіретін жетекші коммерциялық емес сауда ұйымы – ATMIA халықаралық қауымдастығына кіреді.

Best Performance 2022/2023
Banking Strategic Win 2021/2022
Best Penetration Deal on Competitor Account 2021/2022
Special Achievement Banking 2019
Innovation SPIRIT Banking 2018
Metų paslauga 2018
Special Achievement Banking 2017
Product of the Year 2017
Best Banking Solution 2016
Inovacijų prizas 2016
Special Achievement Banking 2013/2014
Best Service Banking 2013/2014

Біздің клиенттеріміз

Өздерінің бизнес-процестерін оңтайландыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ұмтылатын қаржы ұйымдары, бөлшек сауда кәсіпорындары, сервистік және инкассациялық қызметтер BS/2 клиенттері болып табылады.

Біздің технологиялық серіктестеріміз

BS/2 компаниясы Diebold Nixdorf-тың Шығыс Еуропа, Орталық Азия елдері мен Кавказ өңіріндегі ресми серіктесі болып табылады және сауда-қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған жабдықтардың ірі өндірушілерімен, сондай-ақ өз клиенттеріне олардың бизнесі үшін оңтайлы бағдарламалық және аппараттық шешімдерді ұсына отырып, банк және сауда саласына арналған инновациялық бағдарламалық шешімдердің әзірлеуші компанияларымен ынтымақтастық жасайды.

Біздің жобаларымыз

Біздің сарапшыларымыз

Қызметтер

Байланыс деректері

BS/2 Kazakhstan (BS/2 Қазақстан)
Қазақстан, Алматы, Тимирязев көшесі, 42 (25-корпус, 2-секция)
Тел.: +7 727 2695430
+7 727 2695524
+7 727 2695525
Эл. пошта: info.kaz@bs2.kz
www.bs2.kz

BIN 081240013888
First Heartland Jusan Bank JSC
р/с KZ72998CTB0000398280 (EUR)
BIK TSESKZZKA

BS/2 кеңселері
Дистрибьюторлар

Байланыс деректерін енгізіңіз

BS/2 мамандарына және өз еліңіздегі біздің серіктестеріміздің біреуіне хабарласу

Сіздің өтінішіңізді алдық!

Біз сізге жақын арада хабарласамыз.