Cash Management.iQ

Cash Management.iQ – қорландырумен, инкассациялау және кассалық қызметпен байланысты шығындарды қысқарту мақсатында қолма-қол ақша қаражатын және басқа да құндылықтарды оларды қабылдау, сақтау және беру нүктелерінде оңтайлы бөлу міндетін шешетін бағдарламалық платформа.

Жүйе нақты уақыт режимінде банк бөлімшелеріндегі, сақтау орындарындағы, банкоматтардағы және басқа да өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларындағы, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді сату орындарындағы ақша қаражатының мөлшері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір объектідегі қолма-қол ақшаға сұраныс туралы деректерді талдай отырып, жүйе оған қосылған құрылғыларды инкассациялаудың оңтайлы кестесін ұсынады.

Шешім инкассация қызметінің міндеттерін, сондай-ақ осы қызметпен байланысты материалдық ресурстар мен құжат айналымын басқару процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Cash Management.iQ бағдарламалық платформасы 5 жеке модульден тұрады, олардың әрқайсысы операциялық процестердің белгілі бір бөлігіне жауап береді. Модульдер бөлек және толық пішімді шешімнің құрамында жұмыс істей алады.

Өнімдік карта

Шешімнің артықшылықтары

Терминалдарды толтыруға қажетті қолма-қол ақша мөлшерінің азаюы

Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларына қолма-қол ақшаны тарту шығыстарының төмендеуі

Инкассациялар санының қысқаруы

Инкассация қауіпсіздігі мен оны бақылау деңгейінің артуы

Барлық инфрақұрылымды талап етілетін валюталдармен және номиналдармен оңтайлы мөлшерде қамтамасыз ету

Қолма-қол ақшаның жетіспеуінен өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының тоқтап тұру уақытын қысқарту

Операциялық процестерді және объектілерді нығайтуға арналған тапсырыстарды ресімдеумен байланысты құжат айналымын автоматтандыру.

Функционалдық мүмкіндіктері

Объектілердегі ақша қаражатының мөлшерін мониторингілеу

CashPoint Monitoring.iQ негізгі модулі жүйеге қосылған объектілердегі ақша қаражатының мөлшерін мониторингілеуді қамтамасыз етеді және қолма-қол ақшаға сұраныс туралы мәліметтердің негізінде әрбір объектіні және құрылғылардың бүкіл желісін оңтайлы жүктеу үшін қанша ақша қажет екенін есептейді. Деректер валюталар мен номиналдардың барлық түрлері бойынша ұсынылады. Бұл ретте жүйе арнайы кезеңдерді: жалақы беру және түсім жинау күндерін, мерекелік іс-шаралар мен басқа да оқиғаларды ескере отырып, болжамды түзетеді. Модуль объектілерді инкассациялауға тапсырыстарды қалыптастыруға және модельдеуге мүмкіндік беретін инкассацияларды модельдеудің арнайы құралын пайдаланады. Шешімнің аясында объектілерді әртүрлі параметрлер бойынша топтастыруға және жүйелік оператордың интерфейсін ұйымның нақты талаптарына бейімдеуге болады.

Кешенді есептілік және тиімділікті талдау

CashPoint Analytics.iQ бағдарламалық модулі жүйенің жұмысы, тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу және қолма-қол ақша айналымын басқарудың басқа да аспектілері бойынша кешенді есептерді қалыптастыру үшін жауап береді. Шешім әрбір нүкте, объектілер тобы немесе жалпы бүкіл желі үшін әртүрлі валюталар мен номиналдар бойынша жүктеу, түсіру, беру және ағымдағы қолма-қол ақша қалдықтары туралы есеп беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ шешім тапсырыстар және инкассацияны орындау, ақша қаражатының бар болуы мен оның қозғалысын есепке алу бойынша есептерді қалыптастырады және қолма-қол ақша айналымын басқарудың жалпы тиімділігі бойынша есептерді ұсынады.

Инкассацияға тапсырысты автоматты түрде қалыптастыру

Cash Order.iQ бағдарламалық модулі инкассацияға тапсырыстарды дайындауға арналған құралдарды ұсынады, сондай-ақ тапсырыстарды инкассаторлық қызметтер мен банктің сақтау орындары қызметкерлерінің орындауына автоматты түрде беруді қамтамасыз етеді. Бұл артық қаражатты толтыру мен шығаруға тапсырыс беру кезінде операциялық процестер мен құжат айналымын автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Ақша қаражатының болуын және оның қозғалысын есепке алу

Vault.iQ бағдарламалық модулі кассалық-есеп айырысу орталығында кіріс-шығыс операцияларын кешенді есепке алу мүмкіндігін ұсынады және КЕАО жұмысын қамтамасыз етуге тиімді ортаны қалыптастыру үшін банктен шығатын және кері қарай қайтатын қолма-қол ақша ағындарын біріктіреді. Модуль бухгалтерлік жазбаларды жасау үшін қажетті ақпаратты автоматты түрде жинайды және ұсынады, объектілердегі кассалық айналымдарды салыстырып тексереді және кешкі кассаның операцияларын есепке алады, сондай-ақ қайта есептеу кассасында анықталған ақша қаражатының артық және кем шығуын есепке алады. Бұдан басқа, шешім тозған, бүлінген және жалған банкноттардың, сондай-ақ кассеталардан немесе ақша қаптарынан тыс терминалда табылған купюралардың жеке есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

Инкассацияға тапсырыстарды басқару

CIT.iQ бағдарламалық модулі инкассатор қызметін басқаруға арналған құралдарды ұсынады: ол инкассатор бригадаларының құрамын қалыптастыруға, оларға тапсырмалар тағайындауға, маршруттар белгілеуге және жоспарланған және шұғыл шығуларға байланысты барлық шығыстардың (қызметкерлердің еңбек шығындары, ЖЖМ, көлік амортизациясы және т.б.) есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Инкассацияға тапсырыстар шеңберінде шешім тасымалдауға арналған кассеталар, қаптар, контейнерлер және құндылықтар жиынтығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Модуль жұмысының шеңберінде пломбалардың нөмірлерін бақылау, ілеспе құжаттарды жасау және инкассацияны орындау фактісі туралы хабарламаларды беру жүргізіледі.

Кең интергациялық мүмкіндіктер

Cash Management.iQ бағдарламалық шешімі оны АБС-мен, әртүрлі сыртқы жүйелермен және арнайы есептеу жабдықтарымен біріктіруге болады. .iQ тобының басқа өнімдерімен пайдаланған кезде бұл төлем операцияларының, валюта айырбастау операцияларының және өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында орындалған коммерциялық клиенттердің шотына ақша аудару операцияларының есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ шешім қолма-қол ақшаны қайта есептеудің автоматтандырылған жабдығынан және арнайы штрихкод сканерлерінің көмегімен алынған деректердің есебін жүргізуді қамтамасыз етеді. Жүйені арнайы есеп жабдығымен интеграциялау кассеталар мен қаптардағы пломбалардың нөмірлерін енгізуді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Шешімді ұсыну түрі

Өзіндік жүйе

Клиент бағдарламалық шешімді, оның бір немесе бірнеше жеке модульдерін (клиенттің міндеттеріне байланысты) меншікке сатып алады. Бағдарламалық шешім клиенттің инфрақұрылымына орналастырылады.

Шешімді жалға алу

Клиент шешімнің қажетті бағдарламалық компоненттерін немесе барлық шешімді жалға алу құқығында пайдаланады, бұл ретте барлық БЖ BS/2 инфрақұрылымына орналастырылады.

Бағдарламалық жасақтама қызмет ретінде

Клиент өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары желісіндегі қолма-қол ақша айналымын басқаруды немесе Cash Management.iQ бағдарламалық шешімінің көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін басқа да процестерді BS/2 компаниясына аутсорсингке береді.

Барлық бағдарламалық шешімдер

Біздің жобаларымыз

Біздің командамыз сіздің компанияңызға қандай өнімдер барынша жақсы сәйкес келетіні туралы ұсынымдар алуға көмектеседі. «Бізге хабарласыңыз» батырмасы арқылы бізге хабарлама жіберіңіз.

Кирилл Овсянников

Директордың стратегиялық бағыт жөніндегі орынбасары