Деректерді жинау терминалдары

Datalogic деректерді жинаудың мобильді терминалдары бөлшек саудада, өндірісте, көлік және логистика салаларында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жұмыс процестері мен операциялардың тиімділігі мен сапасын арттыруға көмектеседі.

Datalogic деректерді жинау терминалдарының желісі смартфондардың ұтқырлығын қуатты стационарлық компьютерлердің сенімділігімен үйлестіретін құрылғылардың кең спектрін қамтиды, бұл жоғары өнімділікке, сауда индустриясының стандарттарына сәйкес келуіне кепілдік береді және сауда ұйымының клиенттері үшін тамаша қызмет көрсетеді.

Құрылғының сипаттамалары

Memor 20 – смартфондарға арналған ең жаңа технологияларды қолданатын өз класындағы ең үздік мобильді компьютер. Жоғары сенімділікпен, айрықша беріктікпен ерекшеленеді және үй-жайда, сонымен бірге ашық ауада жұмыс істеген кезде 1D- және 2D-сканерлеудің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді.

  • Сенсорлық экран 5,7″ (18:7), FHD пішімі, шыңдалған әйнек
  • Smart Dock қызметі
  • Заңсыз пайдаланудан қорғаныс

Memor K– деректерді жинау жөніндегі барлық қосымшалардың (түгендеу, қосалқы сату, тауарды қоймаға қабылдау және т.б.) жұмысын қолдайтын Android базасндағы ықшам және қуатты мобильді компьютер. Қуатты процессор және үлкен көлемдегі жады жоғары өнімділікті, ал ыңғайлы интерфейс пен жарығы бар пернетақта ақпаратты жылдам енгізуді және іздеуді қамтамасыз етеді.

  • 4″ экраны
  • Жарығы бар пернетақта
  • Сыйымдылығы 3800 мАс алынбалы аккумулятор
  • Қорғаныс класы IP54 (соққыға төзімді корпус)

Skorpio X4 мобильді компьютері өз класындағы диагоналі 3.2" ең үлкен, жақсы оқылатын түрлі-түсті сенсорлық дисплеймен және жоғары жылдамдықтағы жұмысты қамтамасыз ететін көп ядролы процессормен жабдықталған.

  • 3.2″ дисплейі
  • Пернетақтаны таңдау: 50, 38 немесе 28 батырма
  • Wi-Fi және Bluetooth 4.0 арқылы қосылады
  • IP64 қорғаныс класы (соққыға төзімді корпус)
Біздің командамыз сіздің сұрақтарыңызға қуана жауап береді. Біздің өкілдеріміздің біріне хабарлама қалдырыңыз, біз сізге мүмкіндігінше тезірек хабарласамыз.

Эмиль Мусаев

Бөлшек саудаға арналған жабдықты сату бөлімінің басшысы

Біздің жобаларымыз