Термопринтерлер

Zebra Technologies — мобильді компьютерлердің, штрихкод сканерлерінің, термопринтердің және оларға арналған шығын материалдарының әлемдік жетекші өндірушілерінің бірі. Компания бөлшек сауда, электрондық коммерция, логистика, денсаулық сақтау, өнеркәсіптің түрлі салаларындағы жұмыс процестері мен операцияларды оңтайландыруға арналған шешімдердің кең ауқымын ұсынады.

Құрылғының сипаттамалары

Мобильді принтерлер

QLn сериясындағы мобильді принтерлер штрих-кодтарды, заттаңбаларды, чектерді басып шығаруға мүмкіндік береді. Олар жеңіл салмағымен және соққыға төзімді конструкциясымен ерекшеленеді, қарапайым және оңай жұмыс істейді. Деректерді өңдеудің жоғары жылдамдығының, үлкен көлемдегі жадының және керек-жарақтарының кең таңдауының арқасында QLn принтерлері жоғары өнімділік пен пайдалану тиімділігін қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптік принтерлер

ZT411 сериясындағы өнеркәсіптік принтерлер — бұл күрделі жағдайларда пайдалануға жарамды беріктігі жоғары сенімді құрылғылар. Жоғары өнімділігінің арқасында олар бөлшек саудада ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіпте, логистикада және басқа да салаларда пайдаланылуы мүмкін.

Үстел принтерлері

ZD410 және TLP 2824 Plus сериясындағы үстел принтерлері — бұл штрихкодтары бар заттаңбаларды, чектерді, браслеттерді және RFID-белгілерді басып шығаруға арналған шағын, пайдаланылуы жағынан қарапайым және ұзақ қызмет ететін құрылғылар.

Біздің командамыз сіздің сұрақтарыңызға қуана жауап береді. Біздің өкілдеріміздің біріне хабарлама қалдырыңыз, біз сізге мүмкіндігінше тезірек хабарласамыз.

Эмиль Мусаев

Бөлшек саудаға арналған жабдықты сату бөлімінің басшысы

Біздің жобаларымыз