Перифериялық құрылғылар

Diebold Nixdorf перифериялық құрылғылары POS-терминалдық жүйелер үшін арнайы әзірленген және көптеген әлемдік жетекші өндірушілердің кассалық жабдығымен сәйкес келеді. Құрылғының эргономикалық дизайны, заманауи конструкциясы мен оны жалғап қосудың кең мүмкіндіктерінің арқасында бөлшек сауда нүктесінің кассалық жүйесіне оңай біріктіруге болады.

Құрылғының сипаттамалары

Мультитач қызметі бар BA90 шағын сенсорлық дисплейі Diebold Nixdorf барлық POS жүйелерімен, сондай-ақ басқа өндірушілердің көптеген жүйелерімен біріктірілуі мүмкін. Заманауи қарапайым дизайны және бір кабельдің көмегімен жүйеге қосылу дисплейді орнату орнын таңдауға кең мүмкіндіктер береді. BA90 дисплейі қуатты аз мөлшерде тұтынумен ерекшеленеді және POS-жүйенің немесе ақпараттық дүңгіршектің экраны ретінде пайдалануылуы мүмкін. Жиынтық сенсорлық экрансыз болуы мүмкін.

  • Экранның мөлшері – 8”
  • Экранның тұнықтығы – 800 x 600
  • Мөлшері – 199,6 мм x168,6 мм x33 мм

BA92, BA93 және BA93W - Diebold Nixdorf соңғы буындағы сенсорлық дисплейлері жетекші әлемдік өндірушілердің барлық дерлік POS-жүйелерімен біріктірілуі мүмкін. Құрылғыларда мультитач қызметі бар (10 нүктеге дейін) және резистивтік (BA92 және BA93) немесе проекциялық-сыйымдылықты сенсорлық экранмен (BA92, BA93 және BA93W) жабдықталуы мүмкін. BA92 және BA93 үшін сенсорлық экрансыз жабдық қол жетімді. Заманауи дизайн, қуатты аз тұтыну және тек бір кабельдің көмегімен жалғап қосу мүмкіндігі дисплейді дүкеннің кез келген нүктесіне орнатуға мүмкіндік береді.

BA92 – 12.1” (тұнықтығы 800 x 600)

  • Мөлшері – 292 мм x 257,9 мм x 47 мм

BA93 – 15” (тұнықтығы 1024 x 768)

  • Мөлшері – 349 мм x 308,5 мм x 47 мм

BA93W – 15.6” (тұнықтығы 1360 x 768)

  • Мөлшері – 395 мм x 271,2 мм x 51,2 мм

KA21 – қайырмалы қақпағы, банкноталарға арналған реттелмелі бөлімшелері және бұзуға қарсы күшейтілген қорғанысы бар кассеталы ақша жәшігі. POS-жүйелерге жалғап қосуға арналған.

  • Банкноталарға арналған 4 реттелмелі бөлімшесі
  • Монеталарға арналған 8 бөлімше
  • Чектер, құжаттар, қапталған монеталарға арналған қосымша бөлімше

HPC 16S – бакноталарға, монеталарға, чектер мен ұсақ ақшаға арналған бөлімшелері бар суырмалы ақша жәшігі. Фискалдық тіркеуіштің командасы бойынша автоматты түрде немесе кілтпен ашылады.

  • Банкноталарға арналған 5 реттелмелі бөлімшесі
  • Монеталарға арналған 9 бөлімше
  • Құжаттар мен чектерге арналған қосымша бөлімше

TH200i – бұл чектерді, купондарды, ваучерлерді және транзакциялық құжаттарды басып шығаруға арналған шағын әмбебап POS-принтер. Басып шығарудың жоғары жылдамдығы мен сапасын қамтамасыз етеді, тігінен немесе көлденеңінен орнатылуы мүмкін.

  • Тікелей термобасу (203 dpi)
  • Басып шығару жылдамдығы – 200 мм/с дейін
  • Мөлшері – 145 мм х 145 мм х 200 мм

TH250 – бұл чектерді, купондарды, ваучерлерді және транзакциялық құжаттарды басып шығаруға арналған әмбебап POS-принтер. Нарықтағы басып шығарудың ең жоғары жылдамдығына ие, бұл сатып алуды ресімдеу кезінде операцияны жылдам аяқтауды қамтамасыз етеді.

  • Тікелей термобасу (203 dpi, 8 dots/mm)
  • Басып шығару жылдамдығы – 350 мм/с дейін
  • Мөлшері – 145 мм x 131 мм x 175 мм
Біздің командамыз сіздің сұрақтарыңызға қуана жауап береді. Біздің өкілдеріміздің біріне хабарлама қалдырыңыз, біз сізге мүмкіндігінше тезірек хабарласамыз.

Эмиль Мусаев

Бөлшек саудаға арналған жабдықты сату бөлімінің басшысы

Біздің жобаларымыз