ATMeye.iQ

ATMeye.iQ – бейнебақылау және бейнеталдау жүйелерін, физикалық әсердің арнайы датчиктерінің жиынтығын, скиммингке қарсы құрылғыларды және басқа перифериялық құрылғыларды пайдаланатын, банкоматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кешенді платформа.

Платформа терминалдарға жақын жерде болып жатқан барлық оқиғаларды тәулік бойы қашықтан бақылауға мүмкіндік береді. Бұл өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларымен байланысты алаяқтық пен вандализм жағдайларын азайтуға ықпал етеді, клиенттердің даулы жағдайларын шешуге көмектеседі.

Өнімдік карта

Шешімнің артықшылықтары

Банкоматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру

Терминалдарды физикалық шабуылдардан, алаяқтық операцияларынан, вандализмнен қорғау

Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының жұмысын проактивті мониторингілеу

Қауіпсіздік қызметінің жұмысын оңтайландыру

Терминал желісін қолдау қызметінің жұмысын оңтайландыру

Клиенттермен туындаған даулы жағдайларды жылдам шешу

Функционалдық мүмкіндіктері

Банкоматтардың жұмысын бейнемониторингілеу

АТМеуе.iQ бағдарламалық шешімі банкоматта және оған тікелей жақын жерде болып жатқан оқиғаларды нақты уақыт режимінде фото және бейнемониторингілеуді қамтамасыз етеді. Бұл әрбір транзакциямен қатар жүрген немесе өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында болған оқиғаның көрінісін егжей-тегжейлі қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Фото және бейнені транзакцияға немесе басқа оқиғаға байланыстыру және қолайлы іздестіру

Банкомат камераларынан алынған барлық фото және бейнематериалдар барынша қолайлы іздестіру және оқиға бойынша есепті жасау уақытын қысқарту үшін өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысындағы транзакцияға немесе оқиғаға автоматты түрде байланыстырылады.

Камераларды қашықтан баптау және олардың жай-күйін тексеру

Банкомат камерасы сынған, қасақана бүлінген немесе жабылған жағдайда жүйе қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне дабыл хабарламасын жібереді. Бұл ретте түсіру режимі әрбір терминал үшін қашықтан ретке келтірілуі мүмкін.

Терминалдарға физикалық әсер етулер туралы проактивті хабарламалар

Сонымен қатар, жүйемен жұмыс істейтін оператор нақты уақыт режимінде құрылғының қазіргі жағдайы туралы ақпарат алады және техникалық проблемалар туындаған жағдайда жылдам әрекет етеді. ATMeye.iQ шешімі жұмысының аясында өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысында терминалға жасалған заңсыз физикалық әсер етуді: соққы, құрылғының қисаюы, оған газбен немесе температурамен әсер ету және т.б. тіркейтін датчиктер орнатылуы мүмкін. Іске қосылған датчиктер туралы хабарламалар оқиға дереу әрекет ету, физикалық шабуылдарды болдырмауға мүмкіндік бере отырып, дереу банктің жауапты қызметкеріне келеді.

Скиммингке қарсы құрылғылардан сигнал алу

Скиммингке қарсы шешімдермен интеграциялау жүйе пайдаланушыларына банкоматқа бөтен құрылғыны орнату талпынысы туралы дереу ақпарат алуға және терминалды автоматты түрде қызмет көрсетуден шығаруға мүмкіндік береді.

Банкоматтағы файлдарға қашықтан қол жеткізу

Шешім қорғалған байланыс арнасын пайдалана отырып, терминалдан суреттер мен электронды журналдарды жүктеп алуға, оған қажетті БЖ жаңартуларын, медиафайлдарды және басқа да матераилдарды салуға мүмкіндік береді.

Банкоматтарды орталықтандырылған түрде басқару

Шешім қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету құырлғыларының жұмыс жағдайын басқару үшін базалық құралдарды ұсынады, осылайша банкоматты немесе төлем дүңгіршегін сервситік режимге шығаруға, сондай-ақ оны сөндіруге немесе қайта іске қосуға мүмкіндік береді.

Келбеттерді тану және биометрия жүйелерін пайдалану

Банкоматтарға орнатылған портреттік камералар банк клиенттерін және қаржы ұйымның қара тізіміндегі адамдарды сәйкестендіру процесін іске асыруға мүмкіндік береді. Адамдарды тану қызметі сервистік қызметкерлер мен инкассаторларды авторландыру үшін қолданылуы мүмкін.

Шешімді беру түрлері

Өзіндік жүйе

Клиент бағдарламалық жасақтама пакетін және перифериялық жабдықтың қажетті жинағын меншікке сатып алады. Бағдарламалық шешім клиенттің инфрақұрылымына орналастырылады.

Шешімді жалға алу

Клиент қажетті бағдарламалық компоненттерді және жабдықты жалға алу құқығында пайдаланады. Бағдарламалық шешім BS/2 инфрақұрылымына орналастырылады.

Бағдарламалық жасақтама қызмет ретінде

Клиент терминал желісін бейне мониторингілеуді BS/2 компаниясына аутсорсингке береді және оқиғалар бойынша есептерді жасайды.

Барлық бағдарламалық шешімдер

Біздің жобаларымыз

Біздің командамыз сіздің компанияңызға қандай өнімдер барынша жақсы сәйкес келетіні туралы ұсынымдар алуға көмектеседі. «Бізге хабарласыңыз» батырмасы арқылы бізге хабарлама жіберіңіз.

Кирилл Овсянников

Директордың стратегиялық бағыт жөніндегі орынбасары