Vynamic™ Security – өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларын кез келген бұзудан, хакерлік шабуылдардан және басқа да қауіп-қатерлерден кешенді қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық шешім.
Банкоматтарға жасалатын логикалық шабуылдардың саны және олардан келетін зиян жыл сайын артып келеді. Vynamic™ Security бағдарламалық шешімі төрт бөлек модульден тұрады, олардың әрқайсысы терминалдарды әртүрлі шабуылдардан қорғайды. Осылайша, Vynamic™ Security бірнеше қорғаныс модульдерінің бір уақытта жұмыс істеуінің есебінен өзіне-өзі қызмет көрсету инфрақұрылымына жасалатын шабуылдың ықтимал алдыңғы бөлігін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, олардың біреуі бұзылған жағдайда, қалған модульдер сіздің терминал құрылғыларының паркін қажетті қорғаныспен қамтамасыз ете отырып, жұмысын жалғастырады.
Intrusion Protection бағдарламалық модулі терминал желісін зиянды бағдарламалардың барлық түрлерінің банкомат компьютеріне енуінен қорғауды қамтамасыз етеді. Функционалдық мүмкіндіктері
Access Protection бағдарламалық модулі заңсыз кіру орындалған жағдайда банкомат компьютерін қорғайды және жүйеде пайдаланушылардың әрекеттерін бақылайды. Функционалдық мүмкіндіктері
Hard Disk Encryption бағдарламалық модулі құрылғы өшірулі болған жағдайда да, банкомат компьютерінің қатқыл дискісінде сақталатын құпия деректерге рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермейді. Функционалдық мүмкіндіктері
Fraud Detection бағдарламалық модулі транзакциялық деректердің үлкен ауқымын өңдейді, бұл өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларындағы күдікті операцияларды анықтауға, сондай-ақ барлық техникалық инфрақұрылымды проактивті қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Функционалдық мүмкіндіктері
Клиент бағдарламалық шешімді, оның бір немесе бірнеше жеке модульдерін сатып алады және оны өз инфрақұрылымына орналастырады.
Клиент шешімнің қажетті бағдарламалық компоненттерін жалға алу құқығында пайдаланады, бұл ретте БЖ өзі BS/2 инфрақұрылымында болады.
Клиент шешімнің немесе оның жеке компоненттерінің қажетті функционалдығын қызмет ретінде алады.
Директордың стратегиялық бағыт жөніндегі орынбасары
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біздің мамандар сізбен байланысады.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Пішінді толтырыңыз.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.