Терминал желісі иесінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі – бұл өзінің құрылғылар паркінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және теминалдардың: банкоматтардың, төлем дүңгіршіктерінің, автоматтандырылған депозиттік машиналардың және т.б. қолжетімділігінің оңтайлы көрсеткіштеріне қол жеткізу. European Financial Management Association (EFMA) есебіне сәйкес, банк қызметтерін тұтынушылардың 39,5%-ы банкоматтармен қамтылу және құрылғылардың жалпы қолжетімділігі банкті таңдау кезіндегі негізгі фактор болып табылады деп санайды. Осылайша, терминалдың техникалық ақауларға немесе басқа себептерге байланысты әрбір тоқтап тұрған минуты қаржы ұйымы үшін клиенттердің наразылығын ғана емес, сонымен бірге қаржылық шығындарды да білдіреді.
Терминалдар қолжетімділігінің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ұйымдар жұмыс процестерін оңтайландыру және желіге қызмет көрсету шығындарын азайту жолымен жүреді. Алайда, құрылғылар паркінің тұрақты және үздіксіз жұмысы ұйымдастырылғаннан кейін процестер мен шығындарды оңтайландыру маңызды болады.
Diebold Nixdorf деректеріне сәйкес, 10 техникалық проблеманың 9-ы банкоматтың механикалық бүлінуімен байланысты емес және оны қызмет көрсетуші инженердің сол жерге баруынсыз шешуге болады. Сонымен қатар, банкоматтар паркі әкімшісінің 75%-ға дейінгі міндеттері автоматты режимде орындалуы мүмкін. Осылайша, терминал желісінің иесі шешуі қажет негізгі проблемалар — бұл мүмкін болған жерде өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының жұмысын жан-жақты мониторингілеу және оларға қашықтан қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Бұл проблемаларды банкоматтар паркін басқаруға арналған мамандандырылған БЖҚ көмегімен шешуге болады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының әрбір тоқтап тұру минуты банк үшін қаржылық шығындар мен беделінің жоғалуын білдіреді. Терминалдардың нақты уақыт режиміндегі жұмысын кешенді мониторингілеу терминал желісіне әкімшілік ету және оған қызмет көрсету құнын айтарлықтай төмендетеді, терминалдардың бос тұрып қалу уақытын азайтады, әртүрлі техникалық проблемаларды уақтылы анықтауға, оқшаулауға және шешуге көмектеседі. Мұның бәрі қаржы ұйымына өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары желісінің ұтымдылығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Банкомат істен шыққан немесе қандай да бір себептермен жұмысын тоқтатқан кезде терминал желісінің иесі істен шығу себебін анықтау және жою үшін қызмет көрсететін қызметкерлерін құрылғыға жіберуге мәжбүр болады.
Мамандандырылған БЖ өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының жұмысын қашықтан диагностикалап қана қоймай, сонымен қатар қажет болған жағдайда терминалдарды қайта іске қосу үшін құрылғылардың белгілі бір топтарына арналған жаңартулар пакетін жоспарлауға және автоматты түрде іске қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол бағдарламалық жасақтаманың жұмысына байланысты көптеген оқиғалардың туындау себептерін анықтауға және оларды қашықтан шешуге мүмкіндік береді, бұл құрылғыларға сервистік қызмет көрсету шығындарын едәуір азайтады.
Алаяқтар мен қаскүнемдер әрдайым банкоматтар және басқа да өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларына назарын аударады. Банкоматтарға жасалатын логикалық және физикалық шабуылдар саны жыл санап артып келеді, банктер өздерінің терминалдар желісінің қауіпсіздігін сақтау үшін үлкен көлемде қаражат жұмсауға мәжбүр.
Нақты уақыт режимінде өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының жай-күйін мониторингілеу және олардың жұмысын қашықтан басқару терминалдардың қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оларды бірқатар алаяқтық әрекеттерден қорғайды. Осылайша, мамандандырылған БЖ терминалдарға вирусқа қарсы БЖ қашықтан орнатуға және жаңартуға ғана емес, сонымен қатар бұзу қаупі болған кезде берілген сценарийге сәйкес терминалды сөндіруге мүмкіндік береді.
PCI DSS төлем карталары индустриясының деректер қауіпсіздігінің стандарты оқиғалардың электрондық журналдарын (logs) тіркеуді, сақтауды және ауытқулар немесе күдікті оқиғаларды үнемі тексеріп отыруды талап етеді. Бұл ретте, деректерді (оқиғалар туралы ақпарат) жинау, сақтау және талдау тек қауіпсіздік үшін ғана емес, сонымен бірге жұмыс процестерін оңтайландыру үшін де маңызды, өйткені жиналған мәліметтер негізінде терминал паркінің иесі бизнесті одан әрі дамыту стратегиясын жоспарлай алады.
Автоматтандыруды және талдау құралдарын енгізу арқылы әртүрлі көздерден жиналған деректерді орталықтандыру сервистік ұйымның жұмыс сапасының жоғары деңгейін, жұмыс істеп тұрған бизнес-процестерді ескере отырып, операциялық міндеттерді ақпараттық қолдауды қамтамасыз ете алады және нәтижесінде бүкіл өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары паркінің жоғары (немесе нысаналы) қолжетімділік көрсеткіштеріне қол жеткізе алады.
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біздің мамандар сізбен байланысады.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Пішінді толтырыңыз.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.