Терминальдық POS-жүйелер (All-in-one)

Diebold Nixdorf моноблоктық POS-жүйелері – бұл әртүрлі перифериялық құрылғыларды жалғап қосуға болатын және кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға арналған аппараттық және бағдарламалық шешімдермен оңай интеграцияланатын, пайдаланушының жетілдірілген графикалық интерфейсі бар ыңғайлы және эргономикалық әмбебап сенсорлық терминалдық төлем жүйелері.

Құрылғының сипаттамалары

BEETLE/iPOS plus SL – бұл тұнықтығы жоғары кең пішінді мультисенсорлық экраны (14") бар әмбебап шағын мультифункционалдық POS-жүйе. Жүйе бөлшек сауда кәсіпорындарына, мейрамханалар, кафе мен басқа да қоғамдық тамақтандыру орындары үшін мінсіз сәйкес келеді және әртүрлі жиынтықтарда жеткізіледі, бұл сауда ұйымының талаптарына мінсіз сәйкес келетін құрылғыны таңдауға мүмкіндік береді.

  • Герметикалық желдеткішсіз конструкция құрылғының ұзақ өмірлік циклін қамтамасыз етеді.
  • Шаң-тозаң өтпейтін герметикалық корпус жүйенің ішкі бөлігін ластану мен қоқыстан қорғайды.
  • Құрылғының шашыраулардан қорғанысы бар беткі қабаты.
  • Әдемі эргономикалық дизайн.
  • Intel Apollo Lake / Kaby Lake U энергия үнемдеуші процессорлық технологиясы операциялық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
  • Жарықдиодты шамы бар энергия үнемдеуші дисплей.
  • Кіріктірілген WLAN және VESA сенімді бекітпесі жүйені дүкеннің немесе мейрамхананың келген нүктесіне орнатуға мүмкіндік береді. Перифериялық құрылғылардың кең таңдауы қызмет көрсету аймағындағы орынды үнемдеуге мүмкіндік береді: магнит карталарды оқығышты, iButton, штрихкод сканерін (2D), әртүрлі мөлшердегі клиент дисплейлерін жалғап қосуға болады.
  • 14“ LED-backlit LCD (16:9) сенсорлық экраны

Процессор (жиынтығына байланысты)

  • Pentium N4200 /4x 2.5 GHz
  • Core i3-7100U / 2x 2.4 GHz
  • Core i5-7300U / 2x 3.5 GHz

Мөлшері (биіктігі, ені, ұзындығы)

  • 335 мм x 212 мм x 300 мм

Beetle/iPOS plus Advanced – бұл бөлшек саудада және қонақ үй бизнесінде өзін жақсы көрсете білген, сенсорлық экраны бар әмбебап көпфункионалды моноблоктық POS-жүйе. Құрылғының жоғары өнімділігінің және пайдалану қарапайымдылығының арқасында клиенттерге қызмет көрсету жылдамырақ және тиімдірек жүреді. Beetle/iPOS plus Advanced тек кассалық аппарат ретінде ғана емес, сонымен бірге ақпараттық дүңгіршек ретінде де пайдаланылуы мүмкін.

  • Intel Skylake процессорлық технологиясы жүйенің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді.
  • Үш процессордың біреуін таңдау мүмкіндігі жүйенің масштабталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Жылдамдығы жоғары жадының үлкен көлемі – 32 ГБ дейін.
  • Перифериялық жабдықтың кең таңдауы.
  • Әртүрлі жинақтама нұсқалары жүйені ұйымның кез келген талаптарына жылдам бейімдеуге мүмкіндік береді.
  • Жақсартылған эргоникалық дизайн.
  • Алюминий корпусы, арқауланған шыны беткі қабаты мен шашыраулардан қорғанысы бар берік конструкция.
  • 15“ LED-backlit LCD (4:3) сенсорлық экраны

Процессор (жиынтығына байланысты)

  • Celeron G3900TE /2x 2.3 GHz
  • Core i3-6100TW / 2x 2.7 GHz
  • Core i5-6500TE / 4x 2.3 – 3.3 GHz

Мөлшері (биіктігі, ені, ұзындығы)

  • 349 мм x 214 мм x 350 мм

BEETLE A1150 – бұл өнеркәсіптік жабдықтың сенімділігі мен заманауи мобильді құырлғылардың әдемі инновациялық дизайны үйлескен, сенсорлық экраны бар әмбебап көпфункционалды моноблоктық POS-жүйе. Шешім сауда ұйымның ерекше талаптарына қарай бейімделеді және кез келген дүкеннің жұмыс ортасына мінсіз үйлеседі.

  • 15.6” LED-backlit LCD (16:9) сенсорлық экраны

Процессор (жиынтығына байланысты)

  • Intel Celeron 4305UE /2x 2.0 GHz
  • Intel Core i3-8145UE /2x 2.2-3.9 GHz
  • Intel Core i5-8365UE /4x 1.6-4.1 GHz

Мөлшері (биіктігі, ені, ұзындығы)

  • 342 мм x 207 мм x 376 мм
  • Желдеткішсіз конструкция жүйенің жоғары сенімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
  • Шаң өткізбейтін герметикалық корпус жүйенің ішкі бөлігін ластанудан және қоқыстан қорғайды.
  • Intel Whiskey Lake U жаңа процессорлық технологиясы энергияны шамадан тыс аз тұтынуды және жүйенің ауқымды өнімділігін қамтамасыз етеді.
  • Енгізу-шығарудың масштабталатын интерфейсі қосылудың кең мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
  • Интеграцияланған WLAN және VESA бекітпесі дүкеннің кез келген жеріне (сөреге, тіреуге немесе қабырғаға) орнатуға мүмкіндік береді.
  • Перифериялық жабдықтың кең таңдауы: магнит карталарын оқығышты, iButton, NFC-ридер және әртүрлі мөлшердегі қосымша дисплейлерді жалғап қосуға болады.
Біздің командамыз сіздің сұрақтарыңызға қуана жауап береді. Біздің өкілдеріміздің біріне хабарлама қалдырыңыз, біз сізге мүмкіндігінше тезірек хабарласамыз.

Эмиль Мусаев

Бөлшек саудаға арналған жабдықты сату бөлімінің басшысы

Біздің жобаларымыз