ProFlex4

ProFlex4 шешімін банктік технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы – Diebold Nixdorf компаниясы әзірлеген. Бұл ұсынылатын қызметтердің жинағын кеңейту мақсатында әртүрлі өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары (банкоматтар, төлем дүңгіршектері және т.б.) жалғануы мүмкін платформа.

ProFlex4 пайдалану

  • өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында жаңа өнімдер мен қызметтерді ұсынуға;
  • динамикалық пайдаланушы интерфейсін құруға;
  • жұмыстың жаңа сценарийлерін әзірлеуге және өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларына енгізуге мүмкіндік береді.

Шешімнің артықшылықтары

Техникалық қызметкерлердің жұмысын оңтайландыру

Өзіне-өзі қызмет көрсетудің омниарналы ортасын қамтамасыз ету

Клиенттердің бейілділігін арттыру

Аппараттық тәуелсіздік

Жұмыс ресурстарын оңтайландыру

Бейілділікті арттыру және жаңа клиенттерді тарту

Банкоматтар паркіне салынатын инвестияларды басқару

Функционалдық мүмкіндіктері

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарына жаңа қызметтерді енгізу

ProFlex4 бағдарламалық шешімі жаңа қызметтер мен перифериялық жабдықтар үшін әртүрлі сценарийлерді жобалауға, баптауға, тестілеуге, жедел түзетуге және өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларына енгізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте жаңа сценарийлер процессинг орталығы мәжбүрлейтін логикаға байланысты емес және әртүрлі факторларға: пайдаланушылардың мінез-құлқына, авторландыру түріне, карта түріне және т.б. байланысты болуы мүмкін. XFS бейімдеу технологиясы және стандарт хаттамаларды пайдалану ProFlex 4-ке кез келген өндірушілердің құрылғыларында бірдей функционалды ұсынуға мүмкіндік береді.

Сценарийлерді дербестендіру

Шешім терминалда клиентке барынша өзекті қызметтер жинағын ұсынуға мүмкіндік береді, бұл банктік өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларымен өзара іс-қимыл жасау сапасын айтарлықтай арттырады. Бұл жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік береді және бұрыннан бар клиенттердің бейілділігін нығайтады.

Интерфейсті дербестендіру

ProFlex4 пайдалана отырып, банктің терминал желісіне қолдау көрсету командасы жаңа өнімдер, қызметтер, жарнамалар, маркетингтік ұсыныстар және т.б. үшін, соның ішінде мультимедианы пайдалана отырып, терминалдарға интерфейстерді жасайды, тестілеуден өткізеді және енгізеді. Бұл ретте жаңа интерфейстердің дизайны процессингтік орталық деңгейінде енгізілген логикаға тәуелді емес. Сондай-ақ, оның көмегімен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін интерфейсті бейімдеуге болады.

Интеграция үшін кең мүмкіндіктер

ProFlex4 бағдарламалық шешімі бөгде сервистермен және жүйелермен интеграциялау үшін кең мүмкіндіктерді ұсынады, осылайша терминалдарда қаржы ұйымдарының және бөгде қызметті жеткізушілердің өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Шешімді ұсыну түрлері

Өзіндік жүйе

Клиент бағдарламалық шешімді сатып алады және оны өзінің инфрақұрылымына орналастырады.

Шешімді жалға алу

Клиент бағдарламалық шешімді жалға алу құқығында пайдаланады, бұл ретте БЖ өзі BS/2 инфрақұрылымына орналастырылады.

Бағдарламалық жасақтама қызмет ретінде

ProFlex4 пайдалана отырып, BS/2 компаниясы жаңа қызметтерді жобалауды және өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларына енгізуді жүзеге асырады.

Барлық бағдарламалық шешімдер

Біздің жобаларымыз

Біздің командамыз сіздің компанияңызға қандай өнімдер барынша жақсы сәйкес келетіні туралы ұсынымдар алуға көмектеседі. «Бізге хабарласыңыз» батырмасы арқылы бізге хабарлама жіберіңіз.

Кирилл Овсянников

Директордың стратегиялық бағыт жөніндегі орынбасары