Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларын түрлендіру

Бүгінгі таңда көптеген клиенттер банктік операцияларды өз бетінше жүргізуді жөн көреді, сондықтан банкоматтар, төлем дүңгіршектері және басқа да өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары клиент пен банктің негізгі, кейде жалғыз физикалық байланыс нүктесі болып қала береді. Бұл өзара іс-қимылдың қаншалықты табысты болуы банкоматта ұсынылған қызметтердің жиынтығына, сондай-ақ терминалды пайдаланудың қаншалықты ыңғайлы болуына байланысты.

Біз нені ұсынамыз

Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларына қосымша қызметтерді енгізу.

  • Қосымша қызметтерді енгізуден (мысалы, төлемдерді қабылдау, шотты толтыру немесе валюта айырбастау) терминал құрылғылары банк клиенттеріне қызмет көрсетудің толық автоматтандырылған пункттеріне айналады.

QR-код арқылы авторландыруды енгізу.

  • Клиенттің терминалында немесе мобильді құрылғыда статикалық немесе динамикалық QR-кодты оқу арқылы операцияларды бастауы және растауы (қолма-қол ақша алу, төлемдер жүргізу және т.б.) пайдаланушыларға қызмет көрсетуді жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Түйіспесіз авторландыруды енгізу (NFC-технологиялар).

  • Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында операциялар жүргізу кезінде түйіспесіз авторландыруды жүргізу үшін NFC-технологиясын пайдалану пайдаланушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, төлем жасау тәсілдерін таңдау үшін кең мүмкіндіктер береді.

Биометриялық технологияларды енгізу.

  • Биометриялық авторландыру пайдаланушының төлем терминалының қызметтеріне қол жеткізуін растаудың негізгі, сондай-ақ қосымша факторы болып табылады. Ол пайдаланушыларды жоғары дәлдікпен тексеруге мүмкіндік береді, сәйкестендіру деректерін үшінші тұлғаларға беруді болдырмайды, банкоматты пайдалануды қарапайым және ыңғайлы етеді.

Әртүрлі алгоритмдерге сәйкес жарнаманы көрсету мүмкіндігі

  • Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысын тауарлар мен қызметтерді ілгерілету үшін қаржы ұйымының немесе бөлшек сауда кәсіпорнының клиентпен өзара іс-қимыл жасау нүктесіне өзгерту жалпыланған және дербестендірілген жарнамалық науқандарды іске асыру арқылы клиенттердің адалдығын нығайтады.

Жұмыс сценарийлері мен интерфейсін жобалау және дайындау

  • Пайдаланушының өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысымен өзара іс-қимылының жаңа сценарийлерін әзірлеу және іске асыру терминалды пайдаланудың ыңғайлылығын және операцияларды жүргізу жылдамдығын арттырады, сондай-ақ пайдаланушы тәжірибесін цифрлық қызмет көрсету арналары стандарттарына жақындатады.

Құрылғыларды ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімдеу

  • Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары көру қабілеті бұзылған адамдардың пайдалануына бейімделуі мүмкін: бұл үшін арнайы контрастты экрандар ұсынатын және терминалда жасалған әрекеттерді тыңдауға мүмкіндік беретін терминалдардың арнайы сценарийлері енгізіледі. Қызметтің осы түріне арбамен қозғалатын адамдар үшін қосымша пандустар мен басқа да конструкцияларды орнату жатады.

Қосымша перифериялық жабдықты орнату

  • Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының функционалдығын кеңейту, пайдалану ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін қосымша перифериялық жабдықтар орнатылуы мүмкін (монеталарға арналған жинақтағыштар, залалсыздандыру құралдары, интерактивтік ақпараттық экрандар, қорғаныс қалқандары мен перделер, терминалдарды физикалық шабуылдардан және вандализмнен қорғау құралдары және т.б.).

Құрылғының корпусын брендтеу

  • Терминал корпусының дизайнын әзірлеу және оны тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес ресімдеу өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларына тапсырыс беру кезінде де (зауытта құрастыру сатысында), сондай-ақ оларды пайдалану кезінде де мүмкін болады.

Неліктен BS/2

Өзіне-өзі қызмет көрсету арнасымен және жабдықтың жұмысын қамтамасыз етумен байланысты әкімшілік және операциялық шығыстарды барынша азайту

Мамандарды даярлау және сертификаттау шығыстарының болмауы

Инфрақұрылымды иеленудің жалпы құнының азаюы

Шығыстар мен инвестициялардың ұзақ мерзімді болашақта ашықтығы мен болжамдылығы

Өңделетін деректер көлемінің қысқаруы

Өзіне-өзі қызмет көрсету арнасының негізгі операциялық көрсеткіштерінің өсуі

Салалық стандарттарға сәйкес келетін заманауи технологияларды пайдалану

Ресурстарды ұйымның бейінді қызметіне шоғырландыру

Біздің қызметтеріміз

Сертификаттары

BS/2 компаниясы жыл сайын ITIL V3, ISO-20000 және ISO-27001 стандарттарына сәйкес келуі тұрғысынан сертифкаттаудан өтеді.

BS/2 бағдарламалық өнімдері әлемдік деңгейде танылған және бірқатар халықаралық марапаттармен атап өтілген.

BS/2 бүкіл дүние жүзінде өзіне-өзі банктік қызмет көрсету индустриясын білдіретін жетекші коммерциялық емес сауда ұйымы – ATMIA халықаралық қауымдастығына кіреді.

Best Performance 2022/2023
Banking Strategic Win 2021/2022
Best Penetration Deal on Competitor Account 2021/2022
Special Achievement Banking 2019
Innovation SPIRIT Banking 2018
Metų paslauga 2018
Special Achievement Banking 2017
Product of the Year 2017
Best Banking Solution 2016
Inovacijų prizas 2016
Special Achievement Banking 2013/2014
Best Service Banking 2013/2014