Банкоматта қолма-қол ақшаны QR-Pay көмегімен картасыз шешіп алу

Бүгінгі таңда көптеген пайдаланушылар үшін банк қызметтерін пайдаланудың қаншалықты ыңғайлы болуы банкті таңдау кезіндегі айқындаушы фактор болып табылады. Клиенттің бейілділігі үшін күресте қаржы институттары өз клиенттеріне әдеттегі операцияларды бұрынғыдан да оңай әрі жылдамырақ орындауға мүмкіндік беретін технологияларды енгізеді және қолданады.

Сонымен бірге, COVID-19 пандемиясы соңғы жылдары цифрлық банкингтің ең жиі талқыланатын трендтерінің бірі – банктік мобильді қосымшалардың дамуын күрт жеделдетті. App Annie деректеріне сәйкес 2020 жылы адамдар қаржы ұйымдарының қосымшаларында орта есеппен 45% көп уақыт өткізе бастады. Банктер цифрлық және мобильді банкинг үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсына отырып, клиенттерді тарту және оларды сақтап қалу арқылы өз қосымшаларының функционалы мен ыңғайлылығын белсенді дамытуда. Мобильді қосымша арқылы банктер ұсынатын осындай сервистердің бірі қызметтерді QR-код бойынша ұсыну болып табылады.

QR-Pay дегеніміз не?

QR-Pay – бұл банктік мобильді қосымшаны пайдаланушыларға қолма-қол ақшаны картаны пайдаланбай банкоматтан шешіп алуға мүмкіндік беретін шешім.

Қызметті пайдалану үшін пайдаланушы банктің мобильді қосымшасының көмегімен банкоматта жасалған QR-кодты сканерлейді. Содан кейін қосымшадағы операцияның сомасы мен валютасын, сондай-ақ өзіне қажетті купюралардың номиналдарын таңдайды. Пайдаланушы осы деректерді қосымшада растағаннан кейін, банкомат бір реттік құпиясөзді қалыптастырады, оны пайдаланушы өзінің ұялы телефонындағы қосымшаға енгізеді – содан кейін банкомат қажетті соманы береді.

Бұл сценарий ең көп таралған, бірақ жалғыз сценарий емес және банктің қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін.

QR-Pay шешімі процессингтік орталықтың жұмысына араласпай, QR-кодтың көмегімен банкомат арқылы қолма-қол ақшаны шешіп алу қызметін орындауға мүмкіндік береді. Бұл ретте банкоматта жасалған QR-кодтағы деректер шифрланған және оны QR-кодтарды сканерлеуге арналған бөгде қосымша оқи алмайды.

QR-Pay-дің маңызды артықшылығы оның жұмысы үшін қосымша жабдықты (QR-код сканерлерін және басқа да перифериялық құрылғыларды) орнату қажет емес. Сонымен қатар, QR-Pay банкоматтан ақшаны жанасусыз шешіп алуға мүмкіндік береді, үнемі өзімен бірге банк карточкасын алып жүру, оның PIN-кодын есте сақтау және т.б. талап етпейді.

Payments.iQ банкоматтардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін

QR-Pay шешімі банкоматтарда банктің өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін Payments.iQ бағдарламалық платформасының көмегімен іске асырылуы мүмкін. Payments.iQ – бұл банкоматтар және банктің басқа да өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы төлемдерді қабылдауды және электрондық тауарлар мен қызметтердің кез келген түрін сатуды ұйымдастыруға арналған толық функционалдық бағдарламалық шешім.

Банкоматта Payments.iQ көмегімен QR-код арқылы қолма-қол ақшаны шешіп алу қызметін іске асыру ұзақ уақыт жүргізілетін және қымбат тұратын интеграциялық жұмыстарды қажет етпейді және қысқа мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін. Шын мәнісінде, бұл қаржы мекемесінің нақты міндеттеріне оңай бейімделетін дайын қорапты шешім. Бұл жағдайда Payments.iQ шешімінің икемділігінің арқасында банктік мобильді қосымшалардың пайдаланушылары үшін оның көмегімен қолма-қол ақшаны шешіп алудың әртүрлі сценарийлері ғана емес, сонымен бірге QR-кодты пайдалана отырып, сондай-ақ пайдаланбай басқа қызметтер іске асырылуы мүмкін:

  • қолма-қол ақшаны депозитке салу (шотқа аудару)
  • ақшалай аударымдар
  • электрондық тауарлар мен қызметтердің кез келген түрлерінің ақысын төлеу
  • баж салықтарын, айыппұлдар мен салықтарды төлеу

Сондай-ақ, Payments.iQ бағдарламалық платформасы операциялардың есебін жүргізу, есептік құжаттарды дайындау, бөлшек банк қызметін автоматтандыру және банктің өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының желілерін басқаруға арналған құралдар жиынтығын ұсынады.

Артықшылықтары

Клиенттерге қызмет көрсету уақытын қысқарту.

Қолма-қол ақшаны беру процесін жеңілдету.

Банктік мобильді қосымшаның құндылығын арттыру.

Құрылғымен физикалық байланыстың болмауы (COVID-19 деңгейі жоғары елдер үшін өзекті).

Клиенттер бейілділігінің өсуі.

Көп деңгейлі сәйкестендірудің есебінен операциялардың жоғары қауіпсіздік деңгейі

Қосымша тауарлар

Біздің жобаларымыз