Дүние жүзінде биометриялық технологиялардың танымалдығы жыл санап артып келеді. Талдаушылардың болжамдарына сәйкес, биометриялық жүйелердің әлемдік нарығы 2016 жылы $2 359,7 млн-нан 2025 жылы $15 145,5 млн-ға дейін өседі. Биометрия үкімет және қаржы саласында, қорғаныс, денсаулық сақтау және ритейлде ең көп сұранысқа ие. Бұл ретте, FindBiometrics агенттігінің болжамдары бойынша, алдағы жылдары биометриялық жүйелердің нарығы дәл осы коммерциялық сегментте барынша белсенді дамитын болады.
Бұдан бірнеше жыл бұрын жаңа клиенттерді тарту үшін банктерге арзандау өнімдер мен қызметтерді ұсыну жеткілікті болды. Бүгінде жағдай жылдам өзгеруде, пайдаланушылар жайлылық пен сенімділікке басымдық береді. Клиентке бағдарлану тұжырымдамасын іске асыру үшін қажетті маңызды құралдардың бірі қаржылық операциялар қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге ғана емес, сондай-ақ дәстүрлі бөлімшелерде де, қашықтан қызмет көрсету арналары арқылы да клиенттерге қызмет көрсету процесін жеделдетуге мүмкіндік беретін биометриялық технологиялар болып табылады.
Қаржы саласында қолданылатын биометриялық мәліметтердің ең көп таралған түрлеріне бет бейнесі, саусақ іздері, қол геометриясы және көздің сыртқы мөлдір қабығының суреті жатады. Бұл деректер клиенттерді онлайн-банкингте сәйкестендіру үшін, өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында және банк бөлімшелерінде қаржылық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету кезінде, сондай-ақ банк ұяшықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін. Банк саласындағы ең танымалы PIN-кодты немесе біржолғы құпиясөзді және биометрияны пайдалана отырып, деректер қауіпсіздігінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және оларға қол жеткізуді бақылауға мүмкіндік беретін екі факторлы сәйкестендіру болып табылады.
Verizon деректері бойынша 2017 жылы бүкіл әлемдегі деректердің сыртқа шығуына 81% жағдайда есептік жазбаларды дұрыс пайдаланбау, оның ішінде ұрланған немесе әлсіз құпиясөздер себеп болған. Мұндай шығулар саны мен олармен байланысты шығындар жыл өткен сайын артып келеді. Банктер клиенттердің деректерін қалай қауіпсіз ету және оларға заңсыз қол жеткізумен байланысты шығындарды болдырмау туралы ойлануға мәжбүр болды.
Пайдаланушыларды сәйкестендірудің ең сенімді құралдарының бірі биометрия болып табылады. Биометриялық деректерді қолдан жасауға, ұрлауға немесе қандай да бір басқа әдіспен олардың иелерінен жасырын пайдалану мүмкін емес. Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында сәйкестендіру үшін биометриялық деректерді пайдалану операцияны жүргізу кезінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, пайдаланушыларға өзімен бірге төлем құралдарын алып жүруі, құпиясөздерді немесе картаның PIN-кодын есте сақтауы және т.б. қажет емес, операцияны жүргізу уақытын қысқартады.
Бүкіл әлемдегі қаржы ұйымдары үшін ішкі алаяқтық және қызметкерлердің есептік жазбалары арқылы деректерге заңсыз қол жеткізу проблемасы өте өзекті мәселе. Банктер өздерінің ішкі деректер инфрақұрылымын қорғауға қабілетті шешімдерді іздестіруде және көбінесе биометриялық технологияларды пайдалануға басымдық береді. Бүгінгі таңда банк секторындағы барлық биометриялық жүйелердің шамамен 30% корпоративтік мақсаттарда пайдаланылады.
Қызметкерлерді авторландыру үшін биометриялық технологияларды пайдалану деректер қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге және сезімтал ақпаратқа қол жеткізуді бақылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ қаржы ұйымы қызметкерлерінің жұмысын бақылауға кең мүмкіндіктер береді.
Бүгінгі таңда KYC саясатын сақтау (ағыл. Know your customer – «Өз клиентіңді біл») реттеуші талаптарының және бірқатар елдердегі қаржылық қызметті жүзеге асыру шарттарының бірі болып табылады, өйткені бұл ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және салық төлеуден жалтаруға жол бермейді.
Биометриялық деректердің көмегімен пайдаланушыларды анықтауға және сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мамандандырылған бағдарламалық шешімдерді пайдалану KYC талаптарын сақтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар қаржы операцияларын жүргізудің жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біздің мамандар сізбен байланысады.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Пішінді толтырыңыз.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.