TransLink.iQ — бұл POS-терминалдар желісін басқаруға және транзакцияларды маршруттауға арналған кешенді бағдарламалық платформа. Бұдан басқа, шешім төлем терминалдары қызметтерінің базалық жиынағына жаңа мүмкіндіктерді қоса отырып, эквайрингтік жабдықтың функционалдығын дамытуға мүмкіндік береді.
Бағдарламалық шешім бірыңғай басқару логикасы шеңберінде әртүрлі өндірушілердің POS-терминалдарында жүйенің барлық қолжетімді функцияларын пайдалану мүмкіндігін көздейді.
TransLink.iQ платформасы халықаралық төлем жүйелерінің талаптарын ескере отырып әзірленген және PCI PA-DSS карточкалық операциялары қауіпсіздігінің әлемдік стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.
TransLink.iQ платформасын әзірлеу және енгізуді BS/2 бірге Penki Kontinentai компаниялар тобына кіретін ASHBURN International компаниясы жүзеге асырады. TransLink.iQ және ASHBURN International компаниясының басқа өнімдері мен қызметтері туралы көбірек білу
Шешім әртүрлі түрдегі POS-терминалдар паркін қашықтан басқаруға, параметрлерді баптауды, БЖ орнату мен жаңартуды жүргізуге мүмкіндік береді.
Жүйе желідегі әрбір POS-терминалдың техникалық жай-күйі туралы ақпаратты жинайды және бірыңғай пайдаланушы интерфейсі шеңберінде көрсетеді, сондай-ақ транзакциялар ағынының қарқындылығы мен өту жылдамдығын қадағалайды және транзакциялардың өздері туралы толық ақпарат береді.
TransLink.iQ бағдарламалық шешімінің икемді архитектурасы құрылғыларға классикалық емес жаңа қызметтерді қосу арқылы төлем терминалдарының мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
TransLink.iQ платформасы базасында әзірленген POS-терминалдарға арналған арнайы шешім тауардың ақысын (картамен, сондай-ақ қолма-қол ақшамен) төлеу кезінде құрылғыларда онлайн-фискалдау қызметін іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте транзакция туралы деректер онлайн-режимде фискалдық органдарға беріледі.
Деректерді шифрлеудің симметриялық емес технологиясын пайдаланудың арқасында (RSA), TransLink.iQ шифрлеу кілттерін басқаруды автоматтандыруға және қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, осы процеспен байланысты шығындарды едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
TransLink.iQ төлем терминалдары желісінің жұмысына онлайн-мониторинг жүргізу үшін деректерді жинайды және оларды ретроспективтік талдау жүргізу үшін жеке базаға көшіріп алады.
TransLink.iQ транзакцияларды картаның параметрлеріне байланысты әртүрлі банк-эквайерлерге бағыттауға мүмкіндік береді, бұл мерчанттар үшін транзакцияларды өңдеудің өзіндік құнын төмендетеді және кейбір жағдайларда сауда эквайрингінің комиссиянан үнемдеуге мүмкіндік береді.
TransLink.iQ төлем транзакцияларын түрлі эквайрингтік жүйелермен жұмыс істейтін әртүрлі процессингтік орталықтарға жеткізуге мүмкіндік береді.
TransLink.iQ шешімі тауарлар мен қызметтердің әртүрлі сатушыларының пайдасына төлемдер жасау үшін бір физикалық құрылғыны пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, бір құрылғыны бірден бірнеше мерчант пайдалана алады.
Транзакцияларға үшінші жүйелердің сәйкестендіргіштері (сақтандыру полисінің сәйкестендіргіші, кедендік алым, айыппұл, қызмет көрсетуші қызметкерлердің ID) берілуі мүмкін — осылайша ағынның «боялуы» жүреді. Төлемдер туралы ақпарат төлемдерді сәйкестендіру үшін пайдаланылуы мүмкін үшінші жүйелерге экспортталады.
TransLink.iQ шешімі транзакцияларды әртүрлі параметрлер бойынша (соның ішінде бір POS-терминалдан транзакциялар) логикалық түрде бөлуге және оларды әртүрлі процессингтік орталықтарға және басқа сыртқы жүйелерге бағыттауға мүмкіндік береді.
Клиент дайын бағдарламалық шешімді сатып алады және оны өзінің инфрақұрылымына орналастырады. Клиенттің сұрау салуы бойынша POS-терминалдардың функционалдығын кеңейтуге, ішкі және сыртқы жүйелермен қажетті интеграциялауды жүргізуге болады.
Клиент бағдарламалық шешімді жалға алу құқығында пайдаланады, бұл ретте БЖ өзі Penki kontinentai компаниясының инфрақұрылымына орналастырылады.
Клиент POS-терминалдар паркін басқаруды, транзакцияларды маршруттауды қамтамасыз етуді және нақты уақыт режимінде транзакциялар ағымына мониторинг жүргізуді Penki Kontinentai құрамына кіретін Ashburn International компаниясына аутсорсингке береді.
Директордың стратегиялық бағыт жөніндегі орынбасары
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біздің мамандар сізбен байланысады.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Пішінді толтырыңыз.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.