Diebold Nixdorf DN 490C

DN Series 490C – бұл қолма-қол ақшаны беру қызметімен, көшеде орналастыруға арналған (Drive-up) мультифункционалдық банкомат. DN SeriesTM 490C көмегімен сіз өз клиенттеріңізге ыңғайлы қызметтер мен сервистерді бұрыннан көбірек ұсына аласыз. Заманауи бағдарламалық шешімдердің арқасында банк бөлімшесінің күнделікті операцияларының бір бөлігі банкоматқа шығарылуы мүмкін, бұл қаржы ұйымының қызметкерлеріне әрбір клиентке көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

DN SeriesTM 490C банкоматы CMD-V6C диспенсерімен жабдықталған, ол осы өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысының жоғары жұмыс қабілеті мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Артықшылықтары

Дербестентіру үшін мүмкіндіктер

Заманауи дизайн, интуитивті интерфейс және қолданылатын бағдарламалық шешімдердің арқасында пайдаланушы өзіне-өзі қызмет көрсетудің ыңғайлы құрылғысын алады, ол арқылы банк өзіне қажетті дербестендірілген қызметтерді ұсына алады.

Сенімділігі

Жиынтық бөлшектерінің және банкоматтың негізгі тораптарын жинаудың жоғары сапасы құрылғының істен шығуына төзімділіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, бұл қызметтердің қолжетімділігіне кепілдік береді және терминал желісіне сервистік қызмет көрсету шығыстарын айтарлықтай азайтады.

Тиімділігі

Банкомат сыйымдылығы жоғары кассеталарды пайдаланады, бұл инкассациялау қызметінің орынға шығуларының арасындағы уақытты ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысының қолжетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Инновациялылығы

DN SeriesTM 490C монеталар диспенсерімен, түйіспесіз картридермен және QR-код сканерімен жиынтықта жеткізіледі, бұл өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының функционалдық мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

Интеграциялық мүмкіндіктері

Заманауи бағдарламалық жасақтаманы пайдаланудың арқасында осы үлгідегі банкоматтар өзара іс-қимылдың электрондық арналары (мобильді банк, интернет-банкинг) арқылы ұсынылатын барлық сервистерге қосылған тиімді физикалық қызмет көрсету нүктесі бола алады. Бұл омниарналы банктік қызмет көрсету тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздігі

Аппараттық, сондай-ақ бағдарламалық деңгейде іске асырылған көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесі құрылғыны физикалық және логикалық шабуылдардың ең көп таралған түрлерінен қорғауға мүмкіндік береді.

Құрылғының сипаттамалары

CMD-V6C диспенсері

  • Бір транзакцияда 110 купюраға дейін беру
  • 4 кассетаға дейін пайдалану
  • Кассеталарының ең жоғары толу деңгейі – 300 мм
  • Ұмытылған және бракқа шығарылған банкноталарды сақтауға арналған қосымша бөліктер
  • CCMS (Cash Cycle Management Solutions) қызметін қамтамасыз ететін кассеталар
  • Бракқа шығарылған купюраларға арналған жеке бөлік

Монеталарды беру модулі

  • Монеталардың 4 номиналына дейін беру

Физикалық қауіпсіздігі

  • Пайдаланушының бет жүзін, қолма-қол ақшаны беру слотының жұмысын және банкоматтың орналасқан аймағын тіркейтін камералар
  • UL 291 Level 1, CEN I сейфтері
  • Проактивті дабыл хабарламаларының жүйесі
  • Диспенсер мен картридерді заңсыз айла-шарғылардан қорғау
  • Сейфке арналған электрондық немесе механикалық құлыптар
  • Қолма-қол ақшаны иемдеуден қорғау
  • Газ және жарылғыш заттарды пайдалану арқылы бұзудан қорғау

Пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігі

  • Артқы жақты көрсететін айна
  • Заманауи ПИН-пад
  • Secure Pack 1, 2, 3 немесе ActivEdgeTM скиммингке қарсы құрылғыларды орнату мүмкіндігі

Киберқауіпсіздігі

  • Тек сенімді құрылғыларды жалғап қосу
  • Құрылғының байланыс арнасын базалық қорғау
  • CrypTA Stick көмегімен сервистік қызметкерлерді авторландыру
  • DN VynamicTM Security Suite бағдарламалық шешімдері
  • TPM модулі (ISO/IEC 11889 стандарттарына сәйкес)

Монитор

  • функционалдық басқыштары және/немесе сенсорлық экраны бар 15”
  • Тік немесе көлденең сенсорлық экран 19”
  • Экранның валдализмге қарсы қорғанысы
  • Сенсорлық экрандарға арналған мультитач қызметін қолдау
  • Жоғары ашықтықтағы монитор
  • Мәтінді сырттан оқуға кедергі жасайтын жабынды

Банкомат компьютері

  • Intel® Celeron i3 немесе i5 процессоры
  • Intel® AMT технологиясы (Active Management Technology)
  • HDD/SSD диск
  • DVD-дискке арналған слот

Клиентпен өзара іс-қимыл

  • Құлаққаптарға немесе гарнитураға арналған қосқыш
  • Екі жақты бейне және дыбыс арқылы байланысу мүмкіндігі (камера және микрофон)
  • Картридер мен қолма-қол ақшаға арналған слоттың жарығы

Сәйкестендіру

  • Моторлы картридер (EMV сертификаты)
  • Гибрид DIP-картридер (EMV сертификаты)
  • Түйіспесіз картридер (EMV сертификаты)
  • Штрихкод сканері (1D/2D)

Принтер

  • Термопринтер, 80 мм

Пайдалану

  • Алдынан жүктеу
  • Жылытқыш және ауа баптағыш

Жүйелік БЖ

  • ProBase/C 1.4
  • Windows® 7 және 10

Функционалдық БЖ

  • Vynamic Software Suite бағдарламалық шешімдері
  • .iQ Family бағдарламалық шешімдері

Қабырғааралық ойықтың мөлшері
(биіктігі, ені)

  • 1483 мм x 800 мм х 984 мм

Біздің жобаларымыз

Қызметтер