Diebold Nixdorf DN 250H

DN Series 250H – бұл қайта айналдыру жүйесі бар, қабырғааралық кеңістікке орналастыруға арналған және банктің өзіне-өзі қызмет көрсету арнасын дамыту үшін кең мүмкіндіктер беретін шағын банкомат. Құрылғы банкоматтың функционалдығын кеңейтетін заманауи бағдарламалық шешімдерді орнатуға дайын, бұл оған өзіне-өзі қызмет көрсету арнасын белсенді дамыта отырып, оған банк бөлімшесі операцияларының бір бөлігін беруге мүмкіндік береді.

DN 250Н банкоматы 4-ші буындағы – RM4H қайта айналдыру модулімен жабдықталған. Бүгінгі таңда бұл клиенттерге купюралардың үлкен көлемін барынша жылдам шешіп алуға немесе депозитке салуға мүмкіндік беретін қолма-қол ақшаны қайта айналдырудың ең сенімді жүйесі.

Құрылғы дәстүрлі банктік ортаға оңай біріктірілуі мүмкін және пайдаланушыларға қаржылық қызметтерге тез және оңай қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Артықшылықтары

Құрылғының сипаттамалары

Қайта айналдыру модулі

  • RM4H – 4-ші буындағы қолма-қол ақшаны қайта айналдыру модулі
  • Бір транзакцияда 300 купюраға дейін депозитке салу/беру
  • 5 кассетаға дейін пайдалану (4 қайта айналдыру кассетасы + қолма-қол ақшаны қабылдау үшін 1 кассета)
  • Қайта айналдыру кассеталарының ең жоғары толу деңгейі – 300 мм
  • all-in кассеталардың ең жоғары толу деңгейі – 500 мм
  • CCMS (Cash Cycle Management Solutions) қызметін қамтамасыз ететін кассеталар
  • Ұмытылған және бракқа шығарылған банкноталарды сақтауға арналған қосымша бөліктер
  • 4 номиналға дейін қайта айналдыру
  • Қолма-қол ақшаны беру слотындағы бөтен заттарды анықтау
  • Реттеуіштің талаптарына сәйкес банкноталарды валидациялау

Физикалық қауіпсіздігі

  • Пайдаланушының бет жүзін, қолма-қол ақшаны беру слотының жұмысын және банкоматтың орналасқан аймағын тіркейтін камералар
  • UL 291 Level 1, CEN I – IV, CEN I EX Gas, CEN III EX Gas, CEN IV EX Gas сейфтері
  • Проактивті дабыл хабарламаларының жүйесі
  • Диспенсер мен картридерді заңсыз айла-шарғылардан қорғау
  • Сейфке арналған электрондық немесе механикалық құлыптар
  • Қайта айналдыру модулін бұғаттау механизмі
  • Депозит немесе беру кезінде қолма-қол ақшаны иемденуден қорғау
  • Газ және жарылғыш заттарды пайдалану арқылы бұзудан қорғау

Пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігі

  • Артқы жақты көрсететін айна
  • Заманауи ПИН-пад
  • ПИН-падқа арналған қорғаныс пердесі
  • Secure Pack 1, 2, 3 немесе ActivEdgeTM скиммингке қарсы құрылғыларды орнату мүмкіндігі

Киберқауіпсіздігі

  • Тек сенімді құрылғыларды жалғап қосу
  • Құрылғының байланыс арнасын базалық қорғау
  • CrypTA Stick көмегімен сервистік қызметкерлерді авторландыру
  • DN VynamicTM Security Suite бағдарламалық шешімдері
  • TPM модулі (ISO/IEC 11889 стандарттарына сәйкес)

Монитор

  • функционалдық басқыштары және/немесе сенсорлық экраны бар 15”
  • Экранның валдализмге қарсы қорғанысы
  • Сенсорлық экрандарға арналған мультитач қызметін қолдау
  • Монитордың стандарт немесе жоғары ашықтығы
  • Мәтінді сырттан оқуға кедергі жасайтын жабынды

Банкомат компьютері

  • Intel® Celeron i3 немесе i5 процессоры
  • Intel AMT технологиясы
    (Active Management Technology)
  • HDD/SSD диск
  • DVD-дискке арналған слот

Клиентпен өзара іс-қимыл

  • Құлаққаптарға немесе гарнитураға арналған қосқыш
  • Екі жақты бейне және дыбыс арқылы байланысу мүмкіндігі (камера және микрофон)
  • Картридер мен қолма-қол ақшаға арналған слоттың жарығы

Сәйкестендіру

  • Моторлы картридер (EMV сертификаты)
  • Гибрид DIP-картридер (EMV сертификаты)
  • Түйіспесіз картридер (EMV сертификаты)
  • Штрихкод сканері (1D/2D)
  • Саусақ іздерінің сканері

Принтер

  • Термопринтер, 80 мм.
  • Журналдық принтер

Пайдалану

  • Артқы жағынан жүктеу
  • Сервистік дисплей 10.1”

Жүйелік БЖ

  • ProBase/C 1.4
  • Windows® 7 және 10

Функционалдық БЖ

  • Vynamic Software Suite бағдарламалық шешімдері
  • .iQ Family бағдарламалық шешімдері

Қабырғааралық ойықтың мөлшері
(биіктігі, ені)

  • 739 мм x 478 мм

Біздің жобаларымыз

Қызметтер