Diebold Nixdorf DN 200H

DN Series 200H – бұл қайта айналдыру қызметімен үй-жайларда орнатуға арналған және банктің өзіне-өзі қызмет көрсету арнасын дамытуға кең мүмкіндіктер беретін шағын банкомат.

DN 200H банкоматы 4-ші буындағы – RM4H қайта айналдыру модулімен жабдықталған. Бүгінгі таңда бұл клиенттерге купюралардың үлкен көлемін барынша жылдам шешіп алуға немесе депозитке салуға мүмкіндік беретін қолма-қол ақшаны қайта айналдырудың ең сенімді жүйесі.

DN Series 200 модельдік желісіндегі банкоматтардың инновациялық дизайны үшін Diebold Nixdorf компаниясы Red Dot: Product Design беделді халықаралық сыйлығына ие болды.

Артықшылықтары

Интеграциялық мүмкіндіктері

Заманауи бағдарламалық жасақтама пайдаланудың арқасында осы үлгідегі банкоматтар өзара іс-қимыл жасаудың электрондық арналары (мобильді банк, интернет-банкинг) арқылы ұсынылатын барлық қызметтерге қосылған тиімді физикалық қызмет көрсету нүктесі бола алады. Бұл омниарналы банктік қызмет көрсету тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік береді.

Инновациялылығы

DN SeriesTM 200H түйіспесіз картридермен және QR-код сканерімен жиынтықта жеткізіледі, бұл өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының функционалдық мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сенімділігі

Қолма-қол ақшаны қайта айналдырудың қазіргі заманғы модулі және жиынтық бөлшектерінің жоғары сапасы құрылғының істен шығуына төзімділіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, бұл қызметтердің қолжетімділігіне кепілдік береді және терминал желісіне сервистік қызмет көрсету шығыстарын айтарлықтай төмендетеді.

Қосымша қызметтері

Құрылғы оның функционалдығын кеңейтуге мүмкіндік беретін бағдарламалық шешімдерді орнатуға дайын. DN SeriesTM 200H пайдалана отырып, банктер өз клиенттеріне одан да көп мүмкіндіктерді ұсына алады: картасыз сәйкестендіру, тауарлар, қызметтер мен баж салықтарын төлеу, валюта айырбастау және т.б.

Тиімділігі

Банкомат сыйымдылығы жоғары кассеталарды пайдаланады, бұл инкассациялау қызметінің орынға шығуларының арасындағы уақытты ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысының қолжетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздігі

Аппараттық, сондай-ақ бағдарламалық деңгейде іске асырылған көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесі құрылғыны физикалық және логикалық шабуылдардың ең көп таралған түрлерінен қорғауға мүмкіндік береді.

Құрылғының сипаттамалары

Біздің жобаларымыз

Қызметтер