Diebold Nixdorf DN 100D

DN Series 100D банкоматы – бұл қолма-қол ақшаны беру қызметімен, үй-жайлардың ішіне орнатуға арналған шағын өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысы. Осы модельдегі банкоматты орнатып, сіз өз клиенттеріңізге алынған қолма-қол ақшаға барынша ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етесіз.

Артықшылықтары

Пайдалану қолайлылығы

Шағын өлшемдерінің арқасында банкомат тіпті шағын банк бөлімшелерінде, бөлшек сауда нүктелерінде және басқа да қоғамдық орындарда орналастыруға өте ыңғайлы. Құрылғының заманауи дизайны және оның интуитивтік интерфейсі осы банкоматты пайдалануды қарапайым және ыңғайлы етеді.

Инновациялылығы

Банкомат NFC-ридермен және QR-код сканерімен жабдықталуы мүмкін, бұл сәйкестендіру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондай-ақ, бұл құрылғыда банкоматтарды қашықтан банк қызметтерін көрсету арналарымен (мобильді және интернет-банкингпен) біріктіретін бірқатар қосымша қызметтерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Тиімділігі

Банкомат сыйымдылығы жоғары бес кассетаға дейін пайдаланады, бұл инкассациялар арасындағы жұмыс кезеңін ұлғайтуға және ұсынылатын қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қосымша қызметтері

Құрылғы банкоматтың функционалдығын кеңейтетін немесе оны физикалық және логикалық шабуылдардан қорғауды қамтамасыз ететін заманауи бағдарламалық шешімдермен жұмыс істеуге дайындалған және оны қаржы ұйымының инфрақұрылымына оңай біріктіруге болады.

Сенімділігі

Банкоматтың жинақтау бөліктерінің және негізгі тораптарын құрастырудың жоғары сапасы құрылғының істен шығуына төзімділіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, бұл қызметтердің қолжетімділігіне кепілдік береді және терминал желісіне сервистік қызмет көрсету шығыстарын айтарлықтай азайтады.

Қауіпсіздігі

Физикалық және логикалық шабуылдардың ең көп кездесетін түрлеріне қарсы көп деңгейлі қорғаныс.

Құрылғының сипаттамалары

AFD 2.0 диспенсері

  • Бір транзакцияда 50 банкнотаға дейін беру
  • 5 кассетаға дейін пайдалану
  • Кассеталардың ең жоғары толу деңгейі – 340 мм
  • Ұмытылған және бракқа шығарылған банкноталарды сақтауға арналған екі бөлігі бар кассета

Физикалық қауіпсіздігі

  • Пайдаланушының бет жүзін және қолма-қол ақшаны беру слотының жұмысын тіркейтін камералар
  • UL 291 Level 1, CEN I сейфтері
  • Әртүрлі датчиктерді орнату мүмкіндігі
  • Сейфтерге арналған электрондық немесе механикалық құлыптар
  • Диспенсер мен картридерді заңсыз айла-шарғылардан қорғау
  • Пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігі
  • Артқы жақты көрсететін айна
  • Заманауи ПИН-пад
  • ПИН-падқа арналған қорғаныс пердесі
  • Скиммингке қарсы құрылғыларды орнату мүмкіндігі

Киберқауіпсіздігі

  • Құрылғының байланыс арнасын базалық қорғау
  • CrypTA Stick көмегімен сервистік қызметкерлерді авторландыру
  • TPM модулі (ISO/IEC 11889 стандарттарына сәйкес)

Монитор

  • Функционалдық басқыштары және/немесе сенсорлық экраны бар 15”
  • Экранның валдализмге қарсы қорғанысы
  • Монитордың стандарт немесе жоғары ашықтығы
  • Мәтінді сырттан оқуға кедергі жасайтын жабынды
  • Сенсорлық экрандарға арналған мультитач қызметін қолдау

Банкомат компьютері

  • Intel® Celeron i3 немесе i5 процессоры
  • Intel AMT технологиясы (Active Management Technology)
  • HDD/SSD диск
  • Деректерді USB/DVD арқылы беру мүмкіндігі

Клиентпен өзара іс-қимыл

  • Екі жақты байланыс үшін құлаққаптар мен микрофонға арналған қосқыш
  • Қолайлылық және пайдаланушыларды тартуға арналған банкоматтың жарығы

Сәйкестендіру

  • Моторлы картридер (EMV сертификаты)
  • Гибрид DIP-картридер (EMV сертификаты)
  • Түйіспесіз картридер (EMV сертификаты)
  • Штрихкод сканері (1D/2D)

Принтер

  • Термопринтер, 80 мм
  • Журналдық принтер
  • Алдынан жүктеу

Жүйелік БЖ

  • ProBase/C 1.4
  • Windows® 7 және 10

Функционалдық БЖ

  • Vynamic Software Suite бағдарламалық шешімдері
  • .iQ Family бағдарламалық шешімдері

Мөлшері
(биіктігі, ені, ұзындығы)

  • 1270 мм x 420 мм x 692 мм

Біздің жобаларымыз

Қызметтер