BS/2 бөлшек саудадағы эргономикалық жұмыс орындары үшін шешімдердің кең таңдауын: мониторларға, POS терминалдарға, перифериялық құрылғыларға арналған кронштейндер, бекіткіштер және тіреуіштерді ұсынады.
Заманауи бекіту жүйелері сауда нүктелерінің иелеріне кассалық есеп-айырысу нүктелерінде әртүрлі өндірушілердің жабдықтарын ықшамдап және эргономикалық орналастыра және кассирлердің жұмыс орындарында тәртіп пен жайлылықты қамтамасыз ете отырып, касса аймағының кеңістігін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Мониторларға арналған ұстағыштар мен бекіткіштер
VESA өнеркәсіптік стандартын пайдалану арқылы әзірленген мониторларды орнатуға арналған кронштейндер барлық жетекші өндірушілердің жабдықтарын жылдам әрі оңай орнатуды, оларды сенімді бекітуді қамтамасыз етеді, эргономика талаптарын ескере отырып, кассирдің жұмыс орнын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ықшам кронштейн экранды орнату үшін оңтайлы биіктікті таңдауға мүмкіндік береді, оның орналасу жағдайын ыңғайлы реттеуді қамтамасыз етеді.
Тік кронштейн пайдаланушыға қатысты экранның орналасу жағдайын реттеуге, қажет болған жағдайда тапсырысты қарау үшін экранды клиентке бұруға мүмкіндік береді.
Топсалы кронштейн экранды пайдалану кезінде оны клиентке немесе екінші операторға қарай бұруға мүмкіндік бере отырып, экранның қосымша қозғалғыштығын қамтамасыз етеді.
POS-терминалдарды ұстағыштар
POS-терминалдарды ұстауға арналған серпінді және көпфункционалды ұстағыштар кез келген өндірушілердің жабдығын сенімді бекітілуін, клиенттерге қызмет көрсетуді тоқтатпай, оны барынша қолайлы етуге көмектесе отырып, құрылғылардың қажетті қозғалқыштығын қамтамасыз етеді.
Перифериялық құрылғыларға арналған ұстағыштар
Бекіту жүйелері әртүрлі касса жабдықтарына перифериялық құрылғыларды орнатуға, осылайша құрылғылардың функционалын кеңейтуге мүмкіндік береді және оларды пайдаланудың қажетті қозғалғыштығын ұсынады.
Бөлшек саудаға арналған жабдықты сату бөлімінің басшысы
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біздің мамандар сізбен байланысады.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Пішінді толтырыңыз.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.