Payments.iQ

Payments.iQ – бұл төлемдерді қабылдауды, коммуналдық қызметтерді, салықтарды, айыппұлдарды төлеуді, электрондық қызметтердің кез келген түрлерін (билеттер, толтыру кодтары, ваучерлер және т.б.) сатуды және өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларындағы ақша аударымдарын, банктің бөлшек қызметін автоматтандыруды ұйымдастыруға және банкоматтар мен өзіне-өзі қызмет көрсету ақпараттық-төлем терминалдарының желілерін басқаруға арналған бағдарламалық платформа. Осылайша, Payments.iQ шешімі жеке терминалды қызметтердің құнын төлеудің автоматтандырылған пунктіне айналдыруға мүмкіндік береді.

Шешім банктердің, сауда ұйымдарының және басқа кәсіпорындардың терминалдық жабдықтар желісіне олардың жұмыс істеуінің белгіленген тетігін бұзбай біріктіріледі. Payments.iQ көмегімен төлемдерді өзіне-өзі қызмет көрсететін кез келген банк құрылғыларында (банкоматтарда, төлем дүңгіршектерінде және т.б.) қабылдауды ұйымдастыруға болады, сондай-ақ платформа нақты уақыт режимінде төлем операцияларын мониторингілеу және басқару үшін кең мүмкіндіктер береді.

Өнімдік карта

Шешімнің артықшылықтары

Төлемдерді қабылдауды автоматтандыру

Терминал құрылғылары паркінің базасында өзіндік төлем инфрақұрылымын жасау

Алынатын комиссияның есебінен қосымша кіріс алу

Жаңа клиенттерді тарту

Транзакциялар ағымын талдау

Терминал құрылғыларының паркіне салынатын инвестицияларды басқару

Функционалдық мүмкіндіктері

Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының функционалдылығын кеңейту

Payments.iQ мынадай жаңа қызметтерді қосу есебінен банктің өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының (банкоматтардың, төлем дүңгіршектерінің және т.б.) функционалдылығын кеңейтуге мүмкіндік береді:

  • қызметтер мен тауарлардың ақысын төлеу;
  • банктік шоттарды толықтыру;
  • ақша қаражатын аудару;
  • билеттерді сатып алу;
  • үшінші тараптардың өнімдерін сатып алу (сақтандыру қызметтері, бензин құю колонкаларының карталары және т.б.);
  • басқа операциялар.

Сыртқы жүйелермен интеграциялау

Шешім банктер мен процессинг орталықтарының бұрыннан бар жүйелеріне интеграциялануы мүмкін. Payments.iQ енгізілгеннен кейін ұйымдар қызмет көрсетудің басқа арналары (интернет-банкинг, мобильді банкинг және т.б.) арқылы ұсынатын қызметтер мен өнімдер терминал құрылғыларында да қолжетімді болады.

Қызметтерді қарапайым қосу және тарифтерді өзгерту

Жүйеге қызмет көрсету алымдарының әртүрлі түрлері мен мөлшерін белгілеу мүмкіндігімен қызметтердің жаңа жеткізушілері мен төлемдерді жүргізу сценарийлері қосылуы мүмкін.

Төлеушіні сәйкестендіру

Жүйе төлеушіні сәйкестендірудің әртүрлі түрлерін: банк картасы, төлеушінің нөмірі, есеп айырысу кітапшасының нөмірі, телефон нөмірі, сервистік немесе несие шартының нөмірі, ID-карта, биометриялық деректер (саусақ ізі, адамның бет жүзін тану және т.б.) бойынша сәйкестендіруді қолданады.

Әртүрлі ақы төлеу тәсілдері

Шешім төлемдерді әртүрлі тәсілдермен: қолма-қол ақшамен, төлем карталарымен, мобильді құрылғылардың көмегімен, сондай-ақ қаражатты шоттан аудару арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл төлеушілерге төлем құралдарын таңдауда ұтқырлықты қамтамасыз етеді, олардың бейілділігін арттырады.

Пайдаланушылардың рөлдері мен құқықтарының икемді жүйесі

Шешім аясында операциялар мониторингі және жүйеге қызмет көрсету бойынша түрлі қызметтерді орындайтын пайдаланушылардың алдын ала белгіленген топтары бар: әкімші, оператор, технолог. Олардың жүйеге кіру құқықтары рөлдерге сәйкес бөлінген және қаржы ұйымының қажеттіліктеріне сәйкес түзетілуі мүмкін.

Терминал жабдығын мониторингілеу

Жүйе өзіне-өзі қызмет көрсету желісінің әрбір құрылғысының техникалық жай-күйін қадағалауға мүмкіндік береді: купюраны қабылдағыштың толу деңгейі, түбіртектерді басып шығаруға арналған қағаздың болуы, датчиктердің жұмысы және т.б.

Транзакцияларды мониторингілеу

Нақты уақыт режимінде жүйе төлем транзакцияларының өтуін қадағалайды, түрлі параметрлер мен сұраулар негізінде жүргізілген операциялар бойынша есептерді автоматты түрде қалыптастырады.

Бисзнес-талдау жүйелерімен интеграциялау

Шешім нақты уақыт режимінде әрбір нақты құрылғыдағы транзакциялар бойынша аналитикалық деректерді жинауға, төлем операцияларының әртүрлі параметрлері бойынша есептерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұның барлығы терминал желісінің операторы үшін қандай қызметтің қаншалықты тиімді екенін бағалауға, комиссияның оңтайлы мөлшерін белгілеуге, белгілі бір жерде орнатылған терминалдың қажеттілігін, сондай-ақ оның өтелу мерзімін есептеуге мүмкіндік береді.

Инкассация режимін қолдау

Жүйе инкассаторларды сәйкестендірудің әртүрлі түрлерін қолданады. Инкассация аяқталғаннан кейін процедура бойынша барлық деректер Payments.iQ серверіне жолданады.

Шешімді ұсыну түрлері

Өзіндік жүйе

Клиент бағдарламалық шешімде сатып алады және оны өзінің инфрақұрылымына орналастырады.

Шешімді жалға алу

Клиент бағдарламалық шешімде жалға алу құқығында пайдаланады, бұл ретте БЖ өзі BS/2 инфрақұрылымына орналастырылады.

Бағдарламалық жасақтама қызмет ретінде

Клиент өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары арқылы қабылданған төлемдерді әкімшілік етуді BS/2 компаниясына аутсорсингке береді.

Барлық бағдарламалық шешімдер

Біздің командамыз сіздің компанияңызға қандай өнімдер барынша жақсы сәйкес келетіні туралы ұсынымдар алуға көмектеседі. «Бізге хабарласыңыз» батырмасы арқылы бізге хабарлама жіберіңіз.

Кирилл Овсянников

Директордың стратегиялық бағыт жөніндегі орынбасары