Бүгінгі таңда банктердің клиенттермен өзара іс-қимыл жасау жолдары жылдам өзгеруде. Нарықтың негізгі үрдістері мен талаптары клиенттермен үздіксіз қашықтан көп арналы өзара іс-қимыл жасауға қарай тұрақты ауысып келеді. Клиенттік тәжірибе мен цифрлық банкинг бірінші орынға шығады.
Банктік қызмет көрсетуді түрлендірудің басты мақсаты – қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Мұның бір тәсілі банктің өзіне-өзі қызмет көрсету арнасын дамыту болып табылады.
Жаңа технологиялар барлық салаларға, соның ішінде әрдайым жеке өзара іс-қимыл жасау кеңістігі болып келген салаларға енгізілуде. Автоматтандыру және заманауи цифрлық технологиялар банк қызметтерін, сауда ұйымдары мен қаржы нарығының басқа да кәсіпорындарының қызметтерін ұсынудың түбегейлі жаңа тәсілін іске асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде банктердің клиенттері банк бөлімшелерінің жұмысына қарамастан өздеріне қолайлы 24/7 жағдайында қаржы қызметтерін алғысы келеді. Қаржы ұйымдары онлайн және интернет-банкинг секілді пайдаланушылармен қашықтан өзара іс-қимыл жасау арналарын белсенді дамытуда, алайда көбінесе банк қызметтерін көрсетудің толыққанды пункттері бола алатын өздерінің терминалдар желісіне жеткілікті көңіл бөлмейді.
Қазіргі заманғы мамандандырылған бағдарламалық жасақтама бұрындары тек дәстүрлі банк бөлімшелерінде ғана қолжетімді болған қызметтердің бірқатарын банкоматтарға ауыстыруға мүмкіндік береді: төлемдердің барлық түрлерін, айыппұлдарды, баж салықтарын қабылдау, валюта айырбастау, жаңа банк өнімдері мен қызметтерін ұсыну, кредит алуға өтінімдерді толтыру және т.б.
Банктер өздерінің қашықтан өзіне-өзі қызмет көрсету арналарын дамыта отырып, өз клиенттерімен дербес өзара іс-қимыл жасаудың жетіспеушілігімен кезігіп жатады. Оларға клиенттерден кері байланыс алу, оларды қызықтыруы мүмкін өнімдер мен қызметтерді ұсыну, жаңа клиенттерді тарту қиындай түседі.
Осылайша, банктер клиенттермен өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік беретін тиімді және қауіпсіз шараларды іздестіреді. Қазіргі заманғы мамандандырылған БЖ банктік өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларын пайдаланушылар туралы ақпаратты жинауға, оларға тауарлар мен қызметтердің (оның ішінде серіктестің) дербестендірілген ұсыныстарын жасауға, кері байланысты алуға, банктің клиенттері емес тұлғаларды тануға және оларға тікелей банкоматтарда қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Қашықтан өзіне-өзі қызмет көрсету арналарын дамыта отырып, банктер шығыстарды қысқартудың және операциялық процестерді, оның ішінде сауда нүктелерінде немесе банк бөлімшелерінде күні бойы жинақталатын артық қолма-қол ақша депозиті процесін оңтайландырудың жаңа тәсілдерін іздестіруді жалғастыруда.
Қазіргі заманғы шешімдердің арқасында сауда ұйымдары мен басқа да заңды тұлғалар тікелей банктік өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында: банкоматтарда, автоматтандырылған депозиттік машиналарда (АДМ) және т.б. өзіндік инкассацияны (ақшалай түсімді тапсыруды) жүргізеді. — бұл ретте қаражатты компанияның шотына аудару дереу орындалады. Бұл инкассациялау шығыстарын қысқартуға, қызметкерлерге түсетін жүктемені азайтуға, қолма-қол ақшаны сақтаумен және тасымалдаумен байланысты тәуекелдерді болдырмауға, сондай-ақ кассалық алшақтықты болдырмауға мүмкіндік береді.
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біздің мамандар сізбен байланысады.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Пішінді толтырыңыз.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.