Diebold Nixdorf DN 450H

DN Series 450H – бұл қайта айналдыру жүйесі бар, қабырғааралық кеңістікке орналастыруға арналған және банктің өзіне-өзі қызмет көрсету арнасын дамыту үшін кең мүмкіндіктер беретін мультифункционалдық банкомат. DN SeriesTM 450H көмегімен сіз жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдеріне де ыңғайлы қызметтер мен сервистерді бұрыннан көбірек ұсына аласыз.

DN Series 450H банкоматы 4-ші буындағы – RM4H қайта айналдыру модулімен жабдықталған. Бүгінгі таңда бұл клиенттерге купюралардың үлкен көлемін барынша жылдам шешіп алуға немесе депозитке салуға мүмкіндік беретін қолма-қол ақшаны қайта айналдырудың ең сенімді жүйесі.

Артықшылықтары

Дербестентіру үшін мүмкіндіктер

Заманауи дизайн, интуитивті интерфейс және қолданылатын бағдарламалық шешімдердің арқасында пайдаланушы өзіне-өзі қызмет көрсетудің ыңғайлы құрылғысын алады, ол арқылы банк өзіне қажетті дербестендірілген қызметтерді ұсына алады.

Сенімділігі

Қолма-қол ақшаны қайта айналдырудың қазіргі заманғы модулі және жиынтық бөлшектерінің жоғары сапасы құрылғының істен шығуына төзімділіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, бұл қызметтердің қолжетімділігіне кепілдік береді және терминал желісіне сервистік қызмет көрсету шығыстарын айтарлықтай төмендетеді.

Тиімділігі

Банкомат сыйымдылығы жоғары кассеталарды пайдаланады, бұл инкассациялау қызметінің орынға шығуларының арасындағы уақытты ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысының қолжетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Инновациялылығы

DN Series 450H монеталар диспенсерімен, түйіспесіз картридермен және QR-код сканерімен жиынтықта жеткізіледі, бұл өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының функционалдық мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

Интеграциялық мүмкіндіктері

Заманауи бағдарламалық жасақтаманы пайдаланудың арқасында осы үлгідегі банкоматтар өзара іс-қимылдың электрондық арналары (мобильді банк, интернет-банкинг) арқылы ұсынылатын барлық сервистерге қосылған тиімді физикалық қызмет көрсету нүктесі бола алады. Бұл омниарналы банктік қызмет көрсету тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздігі

Аппараттық, сондай-ақ бағдарламалық деңгейде іске асырылған көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесі құрылғыны физикалық және логикалық шабуылдардың ең көп таралған түрлерінен қорғауға мүмкіндік береді.

Құрылғының сипаттамалары

Қайта айналдыру модулі

  • RM4H – 4-ші буындағы қолма-қол ақшаны қайта айналдыру модулі
  • Бір транзакцияда 300 купюраға дейін депозитке салу/беру
  • 5 кассетаға дейін пайдалану (4 қайта айналдыру кассетасы + қолма-қол ақшаны қабылдау үшін 1 кассета)
  • Қайта айналдыру кассеталарының ең жоғары толу деңгейі – 300 мм
  • all-in кассеталардың ең жоғары толу деңгейі – 500 мм
  • CCMS (Cash Cycle Management Solutions) қызметін қамтамасыз ететін кассеталар
  • Ұмытылған және бракқа шығарылған банкноталарды сақтауға арналған қосымша бөліктер
  • 4 номиналға дейін қайта айналдыру
  • Қолма-қол ақшаны беру слотындағы бөтен заттарды анықтау
  • Реттеуіштің талаптарына сәйкес банкноталарды валидациялау

Монеталарды беру/қабылдау модулі

  • Монеталардың 4 номиналына дейін беру
  • Монеталардың 8 номиналына дейін беру (опциялық)

Физикалық қауіпсіздігі

  • Пайдаланушының бет жүзін, қолма-қол ақшаны беру слотының жұмысын және банкоматтың орналасқан аймағын тіркейтін камералар
  • UL 291 Level 1, CEN I – IV, CEN I EX Gas, CEN III EX Gas, CEN IV EX Gas сейфтері
  • Проактивті дабыл хабарламаларының жүйесі
  • Диспенсер мен картридерді заңсыз айла-шарғылардан қорғау
  • Сейфке арналған электрондық немесе механикалық құлыптар
  • Қайта айналдыру модулін бұғаттау механизмі
  • Депозит немесе беру кезінде қолма-қол ақшаны иемденуден қорғау
  • Газ және жарылғыш заттарды пайдалану арқылы бұзудан қорғау

Пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігі

  • Артқы жақты көрсететін айна
  • Заманауи ПИН-пад
  • ПИН-падқа арналған қорғаныс пердесі
  • Secure Pack 1, 2, 3 немесе ActivEdgeTM скиммингке қарсы құрылғыларды орнату мүмкіндігі

Киберқауіпсіздігі

  • Тек сенімді құрылғыларды жалғап қосу
  • Құрылғының байланыс арнасын базалық қорғау
  • CrypTA Stick көмегімен сервистік қызметкерлерді авторландыру
  • DN VynamicTM Security Suite бағдарламалық шешімдері
  • TPM модулі (ISO/IEC 11889 стандарттарына сәйкес)

Монитор

  • функционалдық басқыштары және/немесе сенсорлық экраны бар 15”
  • Тік немесе көлденең сенсорлық экран 19”
  • Экранның валдализмге қарсы қорғанысы
  • Сенсорлық экрандарға арналған мультитач қызметін қолдау
  • Монитордың стандарт немесе жоғары ашықтығы
  • Мәтінді сырттан оқуға кедергі жасайтын жабынды

Банкомат компьютері

  • Intel® Celeron i3 немесе i5 процессоры
  • Intel AMT технологиясы (Active Management Technology)
  • HDD/SSD диск
  • DVD-дискке арналған слот

Клиентпен өзара іс-қимыл

  • Құлаққаптарға немесе гарнитураға арналған қосқыш
  • Екі жақты бейне және дыбыс арқылы байланысу мүмкіндігі (камера және микрофон)
  • Картридер мен қолма-қол ақшаға арналған слоттың жарығы

Сәйкестендіру

  • Моторлы картридер (EMV сертификаты)
  • Гибрид DIP-картридер (EMV сертификаты)
  • Түйіспесіз картридер (EMV сертификаты)
  • Штрихкод сканері (1D/2D)
  • Саусақ іздерінің сканері

Принтер

  • Термопринтер, 80 мм.
  • Журналдық принтер
  • Шоттардан үзінді-көшірмелерді басып шығаруға арналған принтер
  • Депозиттік кітапшалардың принтері

Пайдалану

  • Артқы жақтан жүктеу
  • Сервистік дисплей 10.1”

Жүйелік БЖ

  • ProBase/C 1.4
  • Windows® 7 және 10

Функционалдық БЖ

  • Vynamic Software Suite бағдарламалық шешімдері
  • .iQ Family бағдарламалық шешімдері

Қабырғааралық ойықтың мөлшері
(биіктігі, ені)

  • 700 мм x 610 мм

Біздің жобаларымыз

Қызметтер