Бүгінде өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының қауіпсіздігі – бұл банк индустриясының қажетті стандарты. Жыл сайын банкоматтарға жасалатын шабуылдардың саны және олардан келетін залал көлемі өсуде, қылмыскерлер ақшаны, клиенттердің немесе банк қызметкерлерінің дербес деректерін ұрлау үшін ықпал етудің барынша күрделі әдістерін пайдалануда, бұл ретте шабуыл жасаушыларды қадағалау күн өткен сайын қиындауда. Тек скиммингтен келетін шығын жыл сайын 2 миллиард доллардан асады, ал Еуропадағы банкоматтарға жасалатын физикалық шабуылдардан келетін шығын жылына 40 миллиард долларға жетеді.
Банктің өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау үшін терминалдарды әртүрлі шабуылдардан жан-жақты қорғауды қамтамасыз ететін кешенді тәсіл қажет. Терминал желілерінің иелері бұл мақсаттар үшін бағдарламалық- аппараттық шешімдер мен физикалық әсерлерден қорғаудың әртүрлі комбинацияларын пайдаланады.
Біздің банкоматтардың қауіпсіздігі жөніндегі шешімдеріміз осы саладағы ең үздік әлемдік тәжірибелерді пайдаланады, бұл ретте өңірлік нарықтардың айрықша ерекшеліктері ескеріледі.
Әлемнің көптеген елдерінде банкоматтарға жасалатын шабуылдардың ең көп таралған түрі өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларымен физикалық айла-шарғылар жасау: банкоматты немесе оның сейфін бұзу, арамен кесу, терминалдың өзін ұрлау және т.б. Бұл ретте, егер сәтсіздікке ұшыраса да, қылмыскерлер қымбат тұратын банк жабдықтарына үлкен зиян келтіреді, нәтижесінде одан әрі оны бірнеше күн және тіпті апта бойы пайдалануға мүмкіндік болмайды.
Бейнебақылау платформасын енгізу банкоматтарға скиммингтік құрылғыларды орнатуға кедергі келтіретін бейнекамералардың, арнайы сенсорлардың (газ, температура, қозғалыс датчиктерінің) және антискиммирлердің көмегімен банкоматқа тікелей жақын жерде жасалған барлық күдікті әрекеттер туралы деректерді алуға мүмкіндік береді.
Логикалық шабуыл жасау үшін қылмыс жасаушы қаскүнемдер банкоматтың компьютеріне терминалдағы қолма-қол ақшаны беруді бастайтын арнайы зиянды бағдарламалық жасақтаманы орнатады. Бұл БЖ қашықтан немесе кейбір физикалық айлы-шарғылардан кейін өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысына тікелей жалғанатын сыртқы деректер жинақтағышы арқылы орнатылуы мүмкін.
Өзіне-өзіне қызмет көрсету құрылғыларын логикалық шабуылдардан қорғау үшін банкомат компьютерінде сақталатын және оларға, сондай-ақ авторландырылмаған бағдарламалар мен терминалдардағы процестерді іске қосуды тоқтататын БЖ берілетін деректерді шифрлауға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық шешімдер пайдаланылады.
Дербес деректерді ұрлау үшін қаскүнемдер арнайы құрылғыларды пайдаланды, бұл құрылғыларды банкоматтың картридеріне, пернетақтасына немесе диспенсеріне орнатады: скиммерлер, шиммерлер, карталар мен қолма-қол ақшаға арналған тұзақтар және т.б. Скиммерлер транзакция кезінде карта деректерін магниттік жолағынан оқиды, шиммерлер – чипке жазылған деректерді оқиды. Ұрланған ақпарат картаның телнұсқасын жасау үшін қолданылады.
Терминалдармен байланысты алаяқтықтың тағы бір түрі – траппинг. Қаскүнемдер картридерге алдын ала арнайы тұзақ-қақпан (card-trapping) орната отырып, картаны алып алады немесе осындай қақпанды қолма-қол ақша диспенсеріне (cash-trapping) орнатып, қолма-қол ақшаны ұрлайды.
Банктің өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларын өндірушілер терминалдарды пайдаланушылардың карталарынан жеке деректерді ұрлауға кедергі жасайтын арнайы құрылғылармен (антискиммерлермен және т.б.) жабдықтайды, сондай-ақ деректерді сымсыз беру технологияларын белсенді дамытады және енгізеді. Сәйкестендіру кезіндегі қосымша қауіпсіздік шараларын мамандандырылған бағдарламалық шешімдер, оның ішінде кешенді бейнебақылау жүйелері қамтамасыз етеді.
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біздің мамандар сізбен байланысады.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Пішінді толтырыңыз.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.