Компания туралы

BS/2 Kazakhstan компаниясы банк жабдықтарын жеткізумен және оларға кешенді қызмет көрсетумен, сондай-ақ Қазақстанның қаржы ұйымдары үшін бағдарламалық шешімдерді жеткізумен және енгізумен айналысады.

Компания 2008 жылы құрылған және өзінің қызмет еткен кезеңінде өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық қолжетімділігін арттыру және функционалдылығын кеңейту жөніндегі көптеген жобаларды іске асырды. Сонымен қатар, компания сервис ретінде эквайрингтік және басқа да технологиялық жабдықтарды жеткізе отырып, Қазақстанда бірнеше аутсорсингтік жобаларды жүргізеді.

BS/2 Kazakhstan сервистік құрылымы елдегі ең ірі құрылымдардың бірі болып табылады және банк жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, республиканың барлық өңірлерін қамтиды.

Миссиясы

Біз клиенттерімізге өз бизнесін дамытуға баса назар аударуына мүмкіндік беретін инновациялық шешімдерді ұсынуды өз миссиямыз деп білеміз.

Философиясы

Біз ең үздік банктік технологиялық компанияға айналуға және өз клиенттеріміздің әлемдік нарықта табысқа жетуіне ықпал ететін болашағы зор шешімдерді ұсынуға ұмтыламыз.

Құндылықтары

Біздің басты құндылығымыз – адамдар. Біз өз командамыздың әрбір мүшесін бағалаймыз және кез келген міндеттерді бірге шешеміз.

Компанияның тарихы

2024
2023
2022
2021
2020
2019
2018
2017
  • Аликанте қаласында (Испания) еншілес компания құрылды
  • BS/2 компаниясы келесі марапаттарға ие болды
    • Best Performance 2023/2024 (Diebold Nixdorf Award)
    • Best Strategic Win 2023/2024 in Georgia (Diebold Nixdorf Award)
    • Best Strategic Win 2023/2024 in Uzbekistan (Diebold Nixdorf Award)

Сертификаттары

BS/2 компаниясы жыл сайын ITIL V3, ISO-20000 және ISO-27001 стандарттарына сәйкес келуі тұрғысынан сертифкаттаудан өтеді.

BS/2 бағдарламалық өнімдері әлемдік деңгейде танылған және бірқатар халықаралық марапаттармен атап өтілген.

BS/2 бүкіл дүние жүзінде өзіне-өзі банктік қызмет көрсету индустриясын білдіретін жетекші коммерциялық емес сауда ұйымы – ATMIA халықаралық қауымдастығына кіреді.

Best Performance 2022/2023

Біздің клиенттеріміз

Өздерінің бизнес-процестерін оңтайландыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ұмтылатын қаржы ұйымдары, бөлшек сауда кәсіпорындары, сервистік және инкассациялық қызметтер BS/2 клиенттері болып табылады.

Біздің технологиялық серіктестеріміз

BS/2 компаниясы Diebold Nixdorf-тың Шығыс Еуропа, Орталық Азия елдері мен Кавказ өңіріндегі ресми серіктесі болып табылады және сауда-қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған жабдықтардың ірі өндірушілерімен, сондай-ақ өз клиенттеріне олардың бизнесі үшін оңтайлы бағдарламалық және аппараттық шешімдерді ұсына отырып, банк және сауда саласына арналған инновациялық бағдарламалық шешімдердің әзірлеуші компанияларымен ынтымақтастық жасайды.

Біздің жобаларымыз

Management and experts

Идракас Дадашовас

Penki Kontinentai Group негізін қалаушы және төрағасы

Кирилл Овсянников

Директордың стратегиялық бағыт жөніндегі орынбасары

Ауксе Главинскиене

Операциялық директор

Тахмасиб Дадашев

Аға талдаушы

Қызметтер

Терминал желілеріне әкімшілік ету және мониторингілеу

Толығырақ

Эквайрингтік желінің аутсорсингі

Толығырақ

Байланыс деректері

BS/2 Қазақстан (ТОО «BS/2 Kazakhstan (БС/2 Казахстан)»)

BS/2 Kazakhstan (BS/2 Қазақстан)
Қазақстан, Алматы, Тимирязев көшесі, 42 (25-корпус, 2-секция)
+7 727 2695430
+7 727 2695524 (25)
Эл. пошта: info.kaz@bs2.kz
www.bs2.kz

BIN 081240013888
First Heartland Jusan Bank JSC
р/с KZ72998CTB0000398280 (EUR)
BIK TSESKZZKA

BS/2 Office
Service center

Байланыс деректерін енгізіңіз

BS/2 мамандарына және өз еліңіздегі біздің серіктестеріміздің біреуіне хабарласу

Сіздің өтінішіңізді алдық!

Біз сізге жақын арада хабарласамыз.