BS/2 Қазақстан директоры
Азат Люхузаев еншілес компанияның жалпы стратегиясын қалыптастыру мен жүзеге асыру үшін, қаржылық ағындарды бақылау, сондай-ақ жаңа бағыттарды дамыту мен серіктестерді іздеу үшін жауапты.
Азат Люхузаев BS/2 Қазақстан компаниясын 2018 жылдан бастап басқарады, бірақ оның компаниядағы кәсіби мансабы әлдеқайда ерте, яғни – 2009 жылы қолдау бөлімінің бастығы лауазымынан басталды. Айтулы уақыт ішінде Азат өзін компанияның дамуына белсенді атсалысқан IT-инфрақұрылымының тәжірибелі маманы ретінде көрсетті.
Оның басшылығымен BS/2 Қазақстан өзінің өсу және кеңею стратегиясын сәтті жүзеге асыруда. Азат өзін-өзі дамытуға және жаңа жобаларға енуге үлкен мән береді. Оның ойынша, мансаптық табысқа жету үшін әріптестер мен серіктестерді тыңдай білу маңызды. Бұл олардың қажеттіліктерін жақсырақ түсіну мен тиімді шешімдерді табуға көмектеседі.
Азат бос уақытын отбасымен өткізгенді, сонымен қатар табиғатта белсенді демалыспен айналысуды жөн көреді.
Азат компанияның жетістігі бұл – ұжымның үйлесімді жұмысының нәтижесі деп санайды. Команданың біртұтастығы жоғары нәтижелерге қол жеткізу мен бизнестің өркендеуінің негізі болып табылады. Ол өз басшылығында адалдық, ашықтық және кәсібилік қағидаларын ұстанады.
Компанияның болашақтағы жетістігі оның өзгерістерге бейімделу, жаңа трендтер мен технологияларға инвестиция салу және қызметкерлерді оқыту қабілетімен анықталады. Бұл күш-жігер өз жемісін беріп, әлемді жақсы жаққа өзгертуге көмектеседі.
Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біздің мамандар сізбен байланысады.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Осы бөлімді қай тілде оқығыңыз келетінін таңдаңыз.
Пішінді толтырыңыз.
Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Cookie | Duration | Description |
---|---|---|
_ga, _gat | 2 years | Google Analytics tracking cookies. The cookie collects information about user’s behavior on the site and composes statistical information. |
cookielawinfo-checkbox-analytics | 11 months | This cookie is set by GDPR Cookie Consent plugin. The cookie is used to store the user consent for the cookies in the category "Analytics". |